Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларына!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы» №523 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорау министрлігі, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясы 2018 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс Қазақстанның барлық аумағында өткізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады (бұдан әрі – үміткерлер).

Конкурстың лауреаттары үш санат бойынша анықталды:

1)     шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2)     орта кәсіпкерлік субъектісі;

3)     ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары;

және келесі номинациялар бойынша анықталады:

1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

      2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

      Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

      3) "Үздік ұжымдық шарт".

      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

      4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".

      Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа катысу үшiн үмiткерлер материалдарды екi данада жолдайды, оларда:
          1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;
          2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады. Үмiткердiң есебiнде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
          3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);
        Материалдар қағаз және электронды тасығышта 2018 жылғы                         1-тамызға дейін ұсынылады.


2018-07-24 15:26:37

Сондай-ақ оқыңыз