Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Адал жол – честный труд» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон

Ақсу қаласында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының қабылданған күнінің                   20-жылдығына арналған «Адал жол – честный труд» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон өткізілді.

 

2018 жылғы 26-27 наурызда Ақсу қаласында  «Адал жол – честный труд» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді. Ағымдағы жылғы 26 наурызда Сәбит Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайында арнайы мониторинг тобы, студенттердің, бөлім басшыларының, мекемелер мен ұйымдар  мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон ашылды. Жаяу Мұса атындағы колледждің «Достар» вокалдық тобы          «Бір үйдің баласындай» патриоттық өлеңмен іс-шараны ашты. ҚР мемлекеттік қызмет істері және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – ҚР МҚІ және СЖҚКА) басшысының орынбасары Г.А. Кабиева қатысушыларды құттықтап және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон бүгін Ақсу қаласы мен Ақсу өңірінде басталғанын және 2018 жыл аралығында облыстың барлық қалалары мен облыстарында өткізілетінін айта кетті. Акция аясында азаматтардың құқықтарын, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды түсіндіру мақсатында әр түрлі ұйымдар және мекемелермен кездесулер ұйымдастырылады.

 ҚР МҚІ және СЖҚКА жанындағы облыстық мониторингтік топтың мүшесі Венера Шугурова Ақсу қаласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонды ашу марапаты бұйырғанын айта кетті және Ақсу қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың басшысы, қалалық мәслихаттың депутаты Зада Хайргельдинге барлық өткізілген іс-шараларды жазып отыру үшін арнайы альбом кітабын табыстады.

Іс-шара Ақсу қаласы оқушыларының қатысуымен флэш-мобпен аяқталды.

Бұл күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында Ақсу қаласында   ҚР МҚІ және СЖҚКА қызметкерлері «Балауса» оңалту орталығының, украин этномәдени бірлестігінің, қалалық Орталық кітапхананың, қара металлургия колледжі және студенттерінің, емхананың, ПИК, «Теплосервис-Ақсу» КМК, қаланың ІІБ, қалалық соттың, Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, № 2 ОМ және қаланың ата-аналар қоғамы ұжымымен түсіндіру кездесулерін өткізді. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі Павлодар облысы бойынша агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов кездесуге қатысушылардың алдында сөз сөйлегенде осы акцияның мақсаты туралы тоқталып өтті.

 - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барлық қоғамның қатысуы болмаса мүмкін емес, ондай басқа елдерде де байқалады. Бізде әлі басқаша, қоғам барлық жауапкершілікті мемлекетке артып қойған. Өсіп келе жатқан жасөспірімнің ертеңгі күнінің жақсы болуы үшін бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау, алдын алу бойынша іс-шараларды белсенді түрде өткізу.   Бұнда жұмысты жақсы жүргізіп жатқан арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың рөлін қайта бағалау қиын – деді Назымбек Бекжанов.

2018 жылғы 27 наурызда Ақсу өңірінің 2 селолық округтерінде осындай түсіндіру кездесулері өткізілген. Сондай-ақ Жаяу Мұса атындағы колледжде оқушылармен «Сыбайлас жемқорлық – жағымсыз құқықтық және әлеуметтік құбылыс» тақырыбына дебаттық турнир өткізілді.

Бұл күні «Нұр Отан» партиясы АҚФ залында Ақсу қаласының белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды, оның барысында    ҚР МҚІ және СЖҚКА басшысы А.К. Мукашев және орынбасары Г.А. Кабиева сөз сөйледі, осы кездесуден кейін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Открытие марафона2

Библиотека

Вручение альбомной книги

Городской суд

Колледж им.Жаяу Мусы

Кызылжарский с.о

Поликлинника

С.о. им. М.Омарова

СШ №2

Украинский центр


2018-04-02 19:07:27

Сондай-ақ оқыңыз