Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

100 нақты қадам

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативін дамытуға – жоғары деңгейде назар аудару

ne 2015 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» Заңы қабылданғаны белгілі.

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрудың негізгі мақсаты кооператив мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың мүдделерін қорғау, олардың табыстарын арттыру, өндіріс саласында бәсекелестік ортаны құру, өнімдерді қайта өңдеу, өткізу, сақтау, олардың қызметін қаржыландыруға қол жеткізу болып табылады.

  Ақсу өңірінде 2 жылдың ішінде 10 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды: 2016 жылы – 3 және 2017 жылы 7 АШК.

   Қызылжар және Алғабас селолық округтеріне жұмыс сапары барысында Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов Қызылжар ауылының Мәдениет үйінде осы селолық округтің АӨК басшыларымен кездесу өткізді. Онда сонымен қатар қаланың құзіретті органдарының басшылары қатысты.

    Кездесуде АӨК құру кезінде және оның жұмысы барысында туындаған түйінді мәселелер тыңдалды және талқыланды. Олар негізінен жер учаскелеріне байланысты, қосымша учаскелер (шабындықтар, жайылымдар) бөлу қажеттілігі, оларды рәсімдеу және т.б.

         Сонымен қатар, селолық округтер әкімдіктерінен қажетті анықтамаларды және басқа да құжаттарды алу, есеп беру нысандарын тапсыру барысында және Мемлекеттік кірістер басқармасына салықтар төлеуде пайда болатын қиындықтар туралы, одан әрі дамыту үшін несие алу, мемлекеттік қолдау шаралары, ветеринария және басқа да мәселелер көтерілді. Мысалы, «Сұңқар» АӨК басшысы жер телімін кеңейтуге демеуқаржы алуға жәрдем көрсетуді сұрады, ал «БУРА» АӨК басшысы оның шаруашылығына дейінгі жолды салуға көмектесуге өтініш білдірді.

АӨК басшылары қойған сұрақтардың көбіне сол жерде түсініктеме алды, ал мұқият пысықтауды қажет ететін кейбір проблемалар бойынша қала әкімі селолық округтердің әкімдеріне және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Сол күні Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов Қызылжар және Алғабас ауылдарында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді, оның барысында Алғабас және Қызылжар селолық округтері тұрғындарының барлық сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындардың барлық сұрақтарына толық түсіндірме берілді, сонымен қатар қаланың тиісті қызметтерінің басшыларына кейбір мәселелерді пысықтау бойынша тапсырма берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 05.09

 

 


2017-09-05 08:23:48

Сондай-ақ оқыңыз