Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Мәңгілік ел»

   Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел» ауқымды жобасын дайындау мен іске асыру – бұл ең алдымен ҚР Президентінің 100 қадамы, 100 шешімі, 100 тапсырмасы кіретін патриоттық акт.

  Мақсатты, стратегиялық және жоспарлы 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттің қатарына  кіру және Қазақстанмен елдердің экономикалық серіктестік пен дамуды ұйымдастыру стандарттарын жүзеге асыру бұл біздің идеологиялық іргелі негізіміз.

Біз біріңғай болашақтың ұлтын құрамыз. Біз үшін – Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген, мемлекетіміздің Тәуелсіздігі жылдарында ұлты мен діні әртүрлі адамдардың өзара қарым-қатынасынан құрылған – бір отбасында тұрамыз. Жуыр арада Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын атап өтеміз. Негізгі заңның бірінші бабында: Біз Қазақстан халқымыз. Бұл өмірдің адамгершілік аспектілерді анықтайды: менің отбасым бар: әкем, шешем, атам, әжем, сіңлім, бауырым, балаларым, немерелерім. Барлығымыз еңбек етейік: үй саламыз, ағаш отырғызамыз, ата-тегіміз қай жерден екенін, ата-бабамыз кім екенін танып білеміз, игілікті істер жасаймыз, жақсы әрекеттер жасаймыз, игілікті, денсаулықты, достықты, сүйіспеншілікті, адам өмірін бағалай білеміз, біздің соғыс және еңбек ардагерлерімізбен жаулап алған бейбітшілікті сақтаймыз және қорғаймыз, өз ана тілімізді ұмытпаймыз және мемлекетіміздің тілін үйренеміз, елдер мен халықтар арасында тату көршілік және орынды қатынастарды нығайту бойынша күшімізді саламыз. Сол кезде біз 100 қадамды жеңеміз, оны өз жерімізде лайықты өтеміз, өз ортақ үйіміз – Қазақстан әрқашан табысты және өркенді болады. Мұнда біздің азаматтық кемелдену мен ортақтық, қоғамдық келісім,  халықтар дәстүрін, салтын және әдет-ғұрпын шынайы тану. Өз мақсаттарыңызға сеніңіздер, сенімді болыңыздар, ел тарихын таныңыздар және Н.Ә.Назарбаевтың «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңе ұялату» деген сөзіне еріңіздер.

   «Белорусь» белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы  Богнат Любовь Ивановна

 

 

 

 

2017 ж 04.09


2017-09-04 16:48:57

Сондай-ақ оқыңыз