Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

    Мемлекет Басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының республикамыздың  мемлекеттілігін дамыту жолында атқаратын маңызы өте зор.

Елімізде мемлекетті басқаруды дамыту үшін кәсіптілік қажет. 

Сондықтан, алғашқы 15 қадам кәсіптік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесіне арналғаны белгілі.

Кәсіптік мемлекеттік аппаратты қайта құрудың негізін қалаушы элементтерінің бірі – мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне ауысу болып саналады.

          Өздеріңізге белгілі, әлемде екі топқа бөлуге болатын мемлекеттік қызметтің бірнеше үлгілік моделі жүзеге асырылуда. Оның бірі мансаптық жүйе, Германия және Япония сияқты елдер. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі сатыдан басталады. Ендігі кезекте ең алдымен төменгі лауазым сатысынан өтпейінше, жоғары мансапқа жету мүлдем мүмкін емес.

         Екінші жүйе – ұстанымдық. Ол арқылы кез келген лауазымға конкурс арқылы өтуге болады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада сияқты елдерде бұл жүйе жиі қолданылады. Қазақстан мемлекет ретінде құрала бастағанда, ауысу кезеңін ескере отырып, ұстанымдық жүйені таңдадық. Енді мемлекет алдында жаңа міндеттер тұр. Мемлекеттік аппарат тұрақты,  сабақтастық жүйесі қалыптасқан және тұрақты кәсіби дайындықтан өткен  қызметкерлерден құралуы тиіс.

         Сондықтан мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі төменгі лауазымға өту арқылы мансаптық негізде жүзеге асырылады, одан әрі жоғарылау үшін төменгі лауазымдағы жұмыс өтілі талап етіледі және үнемі біліктілігін жоғарылату керек. Осының нәтижесінде, өзінің дағдысын жетілдіре және кәсіптік деңгейін жоғарылата отырып,  бір сатыдан екінші сатыға жоғарылау жолымен  біртіндеп, мансаптың баспалдағымен жоғарылауы тиіс.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандар меритократиялық қағида негізінде үш кезеңді іріктеуден өткізу арқылы іске асырылуы тиіс.

         Бірінші кезеңге мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша іс-қимыл Агенттігімен өткізілетін заңдарды білу және біліктілігі бойынша тест тапсыру (дағдысы, білімі және біліктілігі) (одан әрі – Агенттік).

         Екінші кезеңде кандидаттың мемлекеттік қызметке берілгендігі бағаланады.

Қортынды кезеңде кандидаттар кәсіптік білімі бойынша мемлекеттік органдарында әңгімелесуден өтеді.

          Іріктеудің барлық сатысында іріктеу нәтижесін жариялаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Ең алғаш мемлекеттік қызметке қабылданғандарға 3+3 формуласы бойынша міндетті сынақ мерзімі белгіленеді. Олар  үшін арнайы белгіленген дағды және сынақ тапсырмаларын меңгеру жөніндегі талаптары енгізілген, 3 ай мерзіміне жеке бейімдеу жоспары құрастырылады. Жеке жоспарды орындауға көмек көрсету мақсатында жұмыс істеп жүрген тәжірибелі қызметкерлердің ішінен тәлімгерді  бекіту жоспарланады.  Егер осы орындалмаған жағдайда, мемлекеттік органның басшысы, қайтадан бейімдеу шаралар жоспарын орындау үшін сынақ мерзімін үш айға ұзарту немесе жұмыстан босату туралы шешім қабылдайды.

Мансап бойынша ішкі конкурс негізінде мансаппен жоғарылату іске асырылады. Ең алдымен мемлекеттік органның қызметкерлер арасында іріктеу жүргізіледі, яғни бос орын толықтырлады. Ішкі конкурс қысқа мерзімде әрі қысқартылған тәртіпте өткізіледі. Лайықты кандидат болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметшілер арасында конкурс жарияланады (барлық мемлекеттік органдар).

   Мемлекеттік органы мен мемлекеттік органдарының ішінде кадрларды ауыстырудың ағымдағы механизмі қысқартуға жатады. Оған бірінші басшылардың көмекшілері, кеңесшілер және баспасөз хатшылары жатады.

Жаңа модельдің аясында білікті кадрларды іріктеуді қамтамасыз ету үшін оларды ұстап қалу және меритократия негізінде жоғарылату, сонымен қатар қызмет лауазымында адал қызмет атақара алмайтын әрі біліксіз қызметкерлерге жол бермеу мақсатынд, 2016 жылы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттау өткізіледі.

    Меритократия қағидаларын қорғау үшін мемлекеттік қызметте жаңа Этика кодексі әзірленеді.  Кодекс мемлекеттік қызмет құндылықтары мен қағидаларын бекітеді, сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің жұмыста және тұрмыстағы тәртіп стандартын анықтайды. Осы стандарт азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау, дау-дамайларды, жария сөз сөйлеуді және БАҚ байланысты мәселелерді тәртіпке келтіреді. Одан басқа, этика нормаларын сақтауды бақылайтын мемлекеттік органдарында этика бойынша уәкілеттіктерді енгізу ұсынылады. Қызметті үйлестіру Агенттікке жүктеледі. Кәсіптік мемлекеттік аппаратты құру және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытын құру барлық мемлекеттік органдарын, оның ішінде құқыққорғау органдарына  мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық туралы жаңа заңнаманы меңгеру арқылы күшейтіледі. 

 Біздің көз қарасымызды өзгерту үшін осыншама ауқымды әрі күрделі қайта құруға бағытталған реформаны жүзеге асыру, құндылықтарды енгізу арқылы халыққа адал әрі тиімді қызмет етуге лайықты мемлекеттік аппараттың жаңа үлгісін қалыптастыру ұсынылады.

Әлем тарихында осындай деңгейдегі реформаны жаңғырту – жартылай немесе мемлекеттік аппараттың кәсіптілігінің төмендігінен сәтсіздікке ұшырағандары аз емес. Сондықтан да институционалдық реформаның маңызы өте зор.

Жаңғырту үдерісі ұлттың  бәсекеге қабілеттігін, осы заманда және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етуге арналады.

Адамгершілік-этикалық құндылықтарға ие кәсіптік мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік қызмет саласын жаңа сапалы деңгейге жоғарылату және бастамашыл азаматтардың бизнесті жүргізу, бизнес жобалары мен стандарттарын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуға шақырады.

Кәсіптік мемлекеттік аппарат және жетілдірілген сот жүйесі – еліміздің және халықтың әлеуметтік-экономикалық өркендеу жолындағы екі алпауыт күш екені сөзсіз.

 

 

2017 ж 04.09


2017-09-04 16:47:35

Сондай-ақ оқыңыз