Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” акционерлік қоғамы

 

Гри 

Гриненко Валерий Иванович

 «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті

1985 жылы Днепропетровский Қызыл орденді металлургиялық институтын «Қара металлдар металлургиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1984 жылы өзінің еңбек жолын Украинадағы Днепропетровск облысы, Никополь қаласында “Никопольск ферроқорытпа зауытында” 4 разрядты көрікші болып бастаған.

  1985 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №1 өндірістік цех шеберінің көмекшісі ретінде  қабылданды, осы жылы №1 цехының өндірістік шебері болып тағайындалған.

   1985 жылы АктЗФ жолдамасы бойынша Украина, Днепропетровск қаласына Днепропетровск металлургиялық институтының аспирантурасына оқуға түсті. Аяқтағаннан кейін АктЗФ №3 цехының өндірістік мастері болып жұмысқа оралды.

   1989 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №3 цехының мастері міндетін атқарушысы, 1991 жылы цех басшысы болып тағайындалды. 

  1994 жылы -  Ақтөбе қаласы, "КРАМДС-Хромит" вице-президенті.

   1995 жылы - «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» ААҚ бас инженері.

   1995 жылы Украина, Днепропетровск қаласы, Ұлттық Металлургиялық академиясының, техникалық ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атағы берілді.

  1996 жылы - «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» ААҚ бас директоры.

   2002 жылы - «Қазхром» ТҰК» ААҚ вице-президенті, бас директордың орынбасары қызметіне тағайындалды.

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қазандағы №1074  қаулысымен Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласында Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  Министрлігінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы Жоғарғы аттестациялық комитетінің шешімімен (№ 1 хаттама) техникалық ғылым докторы ғылыми атағы берілді. 

   2004-2005 жылдары Москва қаласы, «Северсталь-ресурс» ЖАҚ аға менеджерден филиал директоры қызметіне дейін өсті. Кейін «Карельский Окатыш» ААҚ бас директоры болып тағайындалды.

   2005 жылы РФ қайта аттестациялау негізінде, жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен техникалық ғылым докторы ғылыми атағы берілді.

   2006 жылы «РУСАЛ» ЖШҚ компания басқарушысы, департамент директоры болып еңбек етті. 2007 жылы «Федеральная сетевая компания Единой энергетической системы» ААҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. 2008 жылдан бастап «Главная электросетевая сервисная компания Единой национальной электрической сети» ААҚ бас директоры болды.

    2009 жылы «ТМХ - сервис» ЖШҚ бас директоры. 2012 жылы - «Локомотивные технологии»  ЖШҚ бас директордың орынбасары – «ТМХ-сервис» ЖШС бас директоры қызметінде.

   2015 жылы «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасының сервистік бизнес жөніндегі кеңесшісі – «ERG Service» АҚ бас директоры қызметіне тағайындалды.

   2016 жылғы қыркүйектен бастап – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті.

    1987-2015 жылдары 48 ғылыми еңбектері, патент пен монографиялардың авторы. 

2017 жылғы 1 қаңтарға (2016 жылғы 12 ай ішіндегі)

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ

КӘСІПОРНЫ ПАСПОРТЫ

АО Еэк

 

Құрылу тарихы және пайдалануға енгізу күні

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК) Еуразиялық топ (ERG) құрамына енген.

Акционерлық қоғам 1996 жылы құрылды. «ЕЭК» АҚ үш құрылымдық бөлімше біріктіреді: электр станция (Ақсу қ.), «Шығыс» көмір кеніші (Екібастұз қ.), Өндірістік жөндеу бөлімшесі (Павлодар қ.)

Меншік нысаны – 100% жеке меншік

Негізгі қызмет түрі  – электр қуатын өндіріп шығару, көмір өндеу, жөндеу жұмыстарын жасау

Шығарылатын өнім номенклатурасы

МемСТ 32144-2013 «Электр энергиясы. Электр-магнитті техникалық құралдардың үйлесушілігі. Жалпы пайдаланымдағы электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр энергиясы сапасының нормалары»

ҚР МемСТ 1383-2010 «Екібастұз алабының тас көмірі. Жалпы техникалық шарттар»

Электр станцияның өнеркәсіптік қуаты: «ЕЭК» АҚ электр станцияның құрылымдық қуаты - 2 450 МВт

2016 жылғы 12 ай ішінде шығарылған өнім көлемі:

Электр қуатының өндірісі – 13 млрд. 869 млн. кВт/сағ. (жоспардан 6,7% төмендету, немесе 999 млн. кВт/сағ.)

Көмір өндіру - 16 млн. 7 мың тонна.

Қызметкерлердің тізімдік саны– 5 985 адам

6 127 (2017 ж. 30 маусымға)

Даму болашағы (іске асырылатын жобалар):

«ЕЭК» АҚ №5 энергетикалық блогын қайта құру бойынша жоба іске асырылуда (Ақсу электрстанциясы); №2 циклді-ағынды аршу кешенінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілуде  (Екібастұз қ. «Шығыс» кеніші) 

 

 

2017 ж 08.04


2015-09-16 09:53:29

Сондай-ақ оқыңыз