Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

21 қазан-Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық күні

Сүт безі обыры-әйелдердің ең көп таралған онкологиялық патологиясы. Қазақстанда жыл сайын 4 мыңнан астам ауру тіркеледі. Неге сүт безі обыры басқа онкологиялық аурулардан жиі кездеседі? Бұл гормондық тәуелді орган. Әйелдің өмір бойы болатын гормональды өзгерістері (жүктілік, менопауза және т.б.), қауіп факторлары болған жағдайда аурудың пайда болуына әкелуі мүмкін. Аурушаңдықтың шыңы менопаузаға-55-60 жасқа келеді. Сүт безі обырының даму қауіп факторлары:

  • анамнезде жүктілік пен босанудың  болмауы;
  • бала емізбеген;
  • темекі шегу;
  • етеккірінің ерте басталуы;
  • кеш менопауза;
  • ауыр отбасылық анамнез (қан туысқандарының онкологиялық аурулары);

Сүт безінің обыры ерте сатысында (1-ші және 2-ші) симптомсыз өтеді және ауырсыну тудырмайды. Мастопатия кезінде сүт бездерінде ауырсынуы етеккірі уақытында өте ауыр болуы мүмкін. Диагностиканың көптеген жағдайларында ісік көзге көрінгенде, жара немесе үлкен бүрлер болуы аурудың 3-ші және 4-ші кезеңдерінде ғана байқалады.

Сүт безі обырының  дабылдары:

  • бір немесе екі сүт бездерінде тығыздалған немесе ісік тәрізді түзілімдердің болуы;
  • жүктілік немесе лактацияға байланысты емес кез келген сипаттағы емізіктен сұйық бөлінулер;
  • емізік, ареолдар  айналасында эрозия, қабыршақ, қабыршақтары, жарасы;
  • себепсіз пайда болатын деформация, ісіну, сүт безі мөлшерінің ұлғаюы немесе азаюы;
  • қолтық асты немесе бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Алдын алу шаралары: Сіз тіркелген емханада скринингтік тексеру. Қазақстанда сүт безі обырын емдеу қол жетімді, тегін және бірінші кезеңде ауру 100 пайыз емделеді.

rak blobid1539324575845


2019-10-21 15:11:10

Сондай-ақ оқыңыз