Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Йод тапшылығы ауруларын алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларын алдын алу

 

  Йод тапшылығы ауруларына йод тапшылығы кезеңінде пайда болатын, йодты қабылдау барысында қалыпқа келетін барлық патологиялық жағдайлар жатады. Минималды физиологиялық қажеттілік ағзаның физиологиялық жағдайына және жасына сәйкес өзгеріп отырады.

  Йод тапшылығы аурулары (ЙТА) кеңінен таралған жұқпалы емес аурулар саңына жатады. ДДҰ деректері бойынша планетамыздағы 200млн тұрғындарында қалқанша бездері ұлғайған (эндемиялық зоб). Йод- таптырмайтын қажетті микроэлемент. Тәулікті қажеттілік 100-200мкг құрайды. Адам өмір бойы 3-5гр йод қабылдайды (1 шәй қасық).

  ДДҰ сарапшылары барлық әлемде йодталған тұзды йод тапшылығы ауруларын алдын-алудағы әмбебап және тиімділігі жоғарғы құрал ретінде пайдалануға кеңес береді. Йод тапшылығы ауруларын жеке және топтық алдын алуда әлемде йод препараттарын қолданады.

  Йодты қажетті мөлшерде қолданбау адамның ағзасына зияның тигізеді, оның ішінде физикалық және ақыл-ой дамуының бұзылуына, йод тапшылығы балалардың ми патологиясымен тууларына әсерін тигізулері мүмкін.

Йод тапшылығы проблемасын ескере отыра және оны болдырмау үшін шұғыл шара қолдану бойынша йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 14 қазандағы №489 Заңы шықты, мемлекетіміздің аймағында йод тапшылығын жою туралы радикалды шаралары көрсетілген. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 161 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар азық-түлік өнімдерін өндіру барысында, тек қана йодталған тұз және ашытқыны қолданулары тиіс. ЙТА жаппай алдын алудағы базалық құралы, жоғарыда аталғандай ол йодталған тұз. Бірақ-та, ЙТА дамуына әсерін тигізетен топтар бар болғандықтан пайдаланатын йодтың мөлшірін мұқият мөлшерлеп отыру қажет. Ол топқа жататындар жүкті және емізетін әйелдер. Аталған топтарда йод тапшылығын алдын алу жолдарында йод дәрілік препараттарының көмегімен жүргізіледі. Таблеткалы йод препараттарын пайдалану ағзаға үнемі микроэлементтердің түсуілеріне кепілдеме береді. Бірақ-та, әр нақты жағдайда ем жеке жүргізіледі.

  «Йодталған тұздың сапасы, өндірісі, сақталуы, тасымалдануы, сатылуы және йодтың басқа байытылған қосындылары, тағам өнімдерімен қосындылары бойынша мониторинг тәртібіне сәйкес ережесін бекіту» 2004жылғы 18 тамыздағы №641 ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен 10жылға жуық уақыт бойы йодталған тұзға мониторинг жүргізіліп отырылады. Мониторинг нәтижесі бойынша әр жыл сайын йодталған тұздың сапасы жақсарып келеді. 2004жылы Ақсу қаласы бойынша 33% құрамындағы йодтар нормативті көрсеткіштер бойынша сәйкес келмесе, 2016жылы ол 7,5% құрады.

  Мониторинг нәтижесі бойынша келесі анықталды, сауда нүктелерінде Қызылорда облысының «Аралтұз» АҚ, өндірушісі «Руссоль» ООО «Илецкая» Орынбор облысы өндіретін йодталған тұздар сатылуда. Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен 2016жылы мониторинг жүргізу барысында сауда нүктелерінде Павлодар қаласының «Продукт Павлодар» ЖШС өндірген жалған «Арал тұз» йодталған тұзы анықталған. Аталған тұз құрамындағы йод бойынша сәйкес келмеді, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылған. Тексеру нәтижелері бойынша сатылымнан 30кг тұз алынды, жалған тұзды сатқандар айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Қазақстан Республикасында йод тапшылығы ауруларын алдын алу мен емдеуде жалпы ұлттық мағынасы бар. Бұл мәселенің шешімі тікелей әдістер мен құралдарға қатысты болып келеді, йод тапшылығына байланысты республикамыздың денсаулық сақтау мекемелерімен және ұйымдарымен ауруды алдын алуда, емдеу және ауырғандарға мониторинг жүргізіліп отырылады.

  Жаппай йод профилактикасының арқасында йод тапшылығы Польша, Ұлыбритания, Скандинавия мемлекеттерінде, Қытайда, Түркіменстан, Аармения, Оңтүстік Америка мемлекеттерінде жойылған.

 

 

 

 

 

 

2007 ж 07.02


2017-02-07 16:13:00

Сондай-ақ оқыңыз