Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Нан және нан тоқаш өнімдерін Ақсу қаласының сауда нүктелерінде сақтауда, тасымалдауда.

  Нан және нан тоқаш өнімдерін Ақсу қаласының сауда нүктелерінде сақтауда, тасымалдауда, сатуда санитариялық ережелер мен нормалардың бұзылғандары туралы Ақсу қаласының тұрғының өтініші негізінде, тұрғындар арасында тамақтан улану және жіті ішек ауруларын алдын алу мақсатында Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы заңнама талаптарын түсіндіріп отыр.

 Кеден одағы Комиссиясының 2011жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген КО ТР 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 7 баптың 1 тармағына сәйкес
- Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылған тамақ өнімі белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде мақсаты бойынша пайдалану кезінде қауіпсіз болуға тиіс.

Кеден одағы Комиссиясының 2011жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген КО ТР 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 11 баптың 2 тармағына сәйкес,

- Тамақ өнімін өндіру (әзірлеу) процесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен бақылау жүргіуді әзірлеуші дербес және (немесе) үшінші тараптың қатысуымен жүзеге асырады.

 Кеден одағы Комиссиясының 2011жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген КО ТР 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 17 баптың 12 тармағына сәйкес,

 Тамақ өнімдерін өткізу кезінде оны дайынаушы белгілеген осындай өнімдерді сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдері сақталуға тиіс.

 Тамақ өнімін өндіру (әзірлеу) процесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен бақылау жүргіуді әзірлеуші дербес және (немесе) үшінші тараптың қатысуымен жүзеге асырады.

«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 бұйрығының 107т., 129т., 135т., 510 тармақтарына сәйкес,

 Тамақ өнімдерін өндіруші (дайындаушы) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді .

 Шаруашылық етуші субъектілер персоналды санитариялық киімнің кемінде үш жиынтығымен қамтамасыз етеді. Өндірістің ерекшелігіне байланысты санитариялық киімнің жиынтығына қосымша резеңке етік, қолғап, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдары кіреді.

Тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен және түсірумен айналысатын адамдар жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды. Жұмыс басталу алдында шаштарын қалпақ немесе үшкіл орамал астына жинайды, зергерлік әшекейлерін, сағаттарын және басқа да сынатын заттарды шешеді, тырнақтарын қысқартып қырқады және лакпен боямайды. Шикізатқа және дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларға ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттардың қалтасында жеке тұтыну заттарын сақтауға жол берілмейді.

 Нан және нан-тоқаш бұйымдары сөрелермен жабдықталған арнайы көлікпен науаларда тасымалданады. Нанды үйіп тасымалдауға жол берілмейді.

"Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 бұйрығының 94т, 97т, 100т, 102т, 106т, 112т, 113т 4,6)тармақшалары, 118т, 152тармақтарына сәйкес,

94т. Тамақ өнімдерінің сақтау орындарына түсуі таза, құрғақ, бөтен иісі жоқ және бүтіндігі бұзылмаған ыдыс пен қаптамада жүзеге асырылады.

 97т. Объектілердегі барлық тамақ өнімдерін стеллаждарда, түпқоймаларда, тауар қойғыштарда сақтайды.

  100т. Тамақ өнімдерін өнімдердің түрлері бойынша қабылданған сыныптамаға сәйкес сақтайды: құрғақ (ұн, қант, жарма, макарон бұйымдары және басқалары), нан, ет, балық, құс, жұмыртқа, сүт-май, гастрономиялық, көкөністер мен жемістер.

 102т. Шикі өнімдерді (ет, құс, балық, көкөніс, жемістер, жұмыртқа және басқалары) тұтынуға дайын тамақ өнімдерімен, қаптамаланбаған дайын өнімдермен бірге сақтауға жол берілмейді.

 106т. Тамақ өнімі тамақ өнімдерімен жанасу үшін қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалған ыдысқа өлшеп-оралады және қаптамаланады. Ыдыс қаптамалайтын материал берік, таза, құрғақ, бөтен иіссіз және бүтіндігі бұзылмай пайдаланылады, арнайы бөлінген орында сақталады, оларды еденде сақтауға жол берілмейді.

 112т. Сатып алушыларға өлшеп-оралмаған тамақ өнімдерін сату кезінде сатушы қысқашты, қалақты, қалақшаны, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдаланады.
      113т.Мыналарға:

  - нан және нан-тоқаш өнімдерін «үйіп», үй-жайлардың қабырғаларына тығыз, тауар қойғыштарсыз сақтауға;
  - нан және нан-тоқаш өнімдерін «үйіп», сондай-ақ басқа өнімдер үшін пайдаланылатын ыдыста тасымалдауға;

118т. Нан және нан-тоқаш бұйымдарын іріктеу және жаңа пісірілгендігін анықтау үшін объектілерде (бөлімдерде) арнайы шанышқы, қысқаш қолданылады. Нан-тоқаш бұйымдарын қаптамалау үшін қағаз немесе полиэтилен пакеттер қолданылады.

152. Объектінің жұмыскерлері, тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен, өткізумен айналысатын адамдар жеке гигиенаны сақтайды, қолдарының және арнайы киімдері мен аяқкиімдерінің таза болуын қадағалайды. Объектіден шығар кезде және дәретханаға бару алдында арнайы киімді шешеді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 90 бабы негізінде,

  Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға.

 

 

 

 

 

2017. 16.01

 


2017-01-16 18:02:14

Сондай-ақ оқыңыз