Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары жоқ объектілер бойынша түсіндірме.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары жоқ объектілер бойынша түсіндірме.

  Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын түсіндіреді.

  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР 2009жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексінің 62 бабы, 8 тармағы негізінде, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер және (немесе) бақылаудың өзге де нысандары және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде пайдаланып отырған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қортынды беріледі.

  Аталған Кодекстің 21-1 бабы 2 тармағы негізінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиенанормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынд лық ысыз жұмыс істеулеріне тыйым салынады.

  Ақсу өңірінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары жоқ, объектілер жұмыс істеуде.

  Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары жоқ объектілер тұрғындар арасында жұқпалы, паразитарлы аурулардың тіркелуін туғызулары мүмкін. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексінің 90 бабы, 4 тармағының, 2 тармақшасы негізінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметтеріне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындаулары тиіс.

  Сіздерге қажетті барлық сұрақтар бойынша Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының кеңсесіне немесе 8 (718 37) 6-29-87 телефон арқылы хабарласуларыңызға болады.

 

 

2017 ж 13.01


2017-01-13 10:55:26

Сондай-ақ оқыңыз