Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ботулизмді алдын алудағы шараларды түсіндіріп отыр.

    Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы » Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитариялық дәрігердің 2016жылғы 28 желтоқсандағы №5-ПГВр Қаулысын орындау бойынша, Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ботулизмді алдын алудағы шараларды түсіндіріп отыр.

  Үй жайында дайындалған консервілерді (көкөніс салаттары, тұздалған қызанақ, қияр, саңырауқұлақтар) тамақтануға тұтынғанда жағдайда тұрмыста тамақтан улану (ботулизм) жағдайлары жиілеп кетті. Азық-түлік өнімдерінде ботулизмді қоздыратын өнімдер ол жабық ыдыстардағы консервілер, әр-түрлі көкөніс салаттарында (58,3%), көкөністерде (33,3%), саңырау құлақтарда (8,4%). 2016жылы 44 адам зардап шегуімен және 4 өліммен аяқталған ботулизмнің 28 жағдайы тіркелген. 2015жылы 65 адам зардап шегуімен және 2 өліммен аяқталған ботулизмнің 25 жағдайы тіркелген.

  Ботулизм- бактериалды уланудың ең қауіптісі, ботулинис токсинды таяқшасымен қоздырылады. Табиғатта бұл микробтар кеңінен таралған және су айдындарында, топырақта, балықтардың және жануарлардың ішектерінде кездеседі.

  Ботулизм сияқты ауруды болдырмау үшін, бірінші адамға у (токсин) ботулизм қоздырғышы қалай түседі екенің және токсиннің дамуына қандай жағдайлар қолайлы немесе керісінше қолайсыз болатының білуіміз керек.

  Ботулизм таяқшалары топырақта спор түрінде мекендейді. Топырақтан спорлар көкөністерге, жидектерге, жемістерге, саңырауқұлақтарға, жануарлардың ішегіне, тұнбадан балықтың ішек жолдарына түседі. Спорлар азық-түлік өнімдеріне тамақтарды дайындау барысында технологиялық процесстерді сақтамағанда түседі. Спорлар ауа өтпейтін герметикалық тығындалған банкіде үй жайында дайындалған пастерленуде сақталып, вегетативті формаларға таяқшалар болып өседі, көбейіп ажалды токсин бөледі.

Жиі улану көзі болатындар үй жайында дайындалған герметикалық тығындалған банкіде төмен қышқылды консервілер ол қияр, баклажанды уылдырық, фарш қосылған бұрыш және саңырауқұлақтар. Үй жайында тұздалған және қақталған балықтар да қауіп төндіреді.

Ботулизм- тамақтан уланудың ең ауыр түрі. Ауыр дегеніміз, зардап шегушіні құтқаруымыз үшін барлық қажетті күш жігерімізді жұмсасақ-та құтқаруға мүмкіндігіміз жетпейді.

  Ауру белгісі 8 -12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады. Бұл кезде тыныс, тамақ, қолқа жүйелерінің жұмысын тоқтатады. Егерде спецификалық ем уақытылы тағайындалмаса адам тыныс ала алмай өліп қалуы мүмкін.

     Ботулизмнің алғашқы белгісі білінісімен үй жағдайында емделуден бас тартып науқасты ауруханаға апарған жөн. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі.

   Есіңізде болсын! Үй жағдайында консерві дайындайтын болсаңыз ботулизм ауруынан сақтануға болады:

жеміс-жидектерді,көкөністерді, консервілер алдында ағынды сумен жақсылап жуыңыз, ал саңырауқұлақтарды топырақ қалдықтарынан тазартыңыз;

консервілеу барысында жеке бас гигиена­сы ережелерін сақтағаныңыз жөн;

тек сапалы ғана өнімдерді консервілеу керек;

үй жағдайында ет, балық,саңырауқұлақ,бұршақ,жүгеріні көнсервілеген дұрыс емес;

ботулизмнің алғашқы белгілерінде дереу түрде медициналық көмекке жүгінген жөн, ол сіздің денсаулығыңыз бен  өміріңізді арашалап қалуға мүмкіндік береді.

- Сонымен қатар, ботулизм ауруын алдын алу мақсатында, базарда қолдан жасалған көкөніс және ет консервілерін, консервіленген, тұздалған саңырауқұлақтарды, қақталған ет деликатес өнімдерін сатуға тыйым салынған.

2016жыл қорытындысы бойынша Ақсу қаласы және Ақсу аймағында ботулизм жағдайлары тіркелген жоқ.

 

 

 

 

2017 ж 12.01.


2017-01-12 11:14:33

Сондай-ақ оқыңыз