Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық кезең басталды.

ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық кезең басталды.

      Тұмау және басқа жіті респираторлы вирусты инфекциялар (ЖРВИ) кеңінен таралғандардың және әлеуметтік маңызы бар аурулардың саңына жатады. ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық кезең 01 желтоқсаннан  басталып мамыр айына дейін жалғасады. Ағымдағы кезеңде ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ауру бақылау деңгейінен асқан жоқ. 30 желтоқсанға 100мың тұрғынға 475,3 көрсеткішімен ЖРВИ-дың 345 жағдайы тіркелген, өткен жылдың ағымдағы кезеңінде 100мың тұрғынға 640,0 көрсеткішімен 452 жағдай тіркелген.

   Тұмау- ол тұмау вирусымен қоздырылатын тыныс алу жолдарының жіті жұқпалы ауруы. Тұрмыста тұмау деп әр суық тиіп ауырған жағдайларды атайды, ол дұрыс емес, өйткені тұмау вирусы ұқсас симптомдары бар басқа да (аденовирус, риновирус, респираторлы-синцитиалды вирус т.б.) вирустармен пайда болулары мүмкін.

    Белгілері өте ұқсас, сондықтан-да тыныс алу жүйесі жолдарының вирусты аурулары ЖРВИ тобына енгізілген- жіті респираторлы вирусты инфекциялар.

   Қоздырғышты нақты анықтап және «тұмау» диагнозын қою үшін зертханалық диагностика әдісін қолданғанда ғана қойылады.

   ЖРВИ қалай жұғады

  ЖРВИ-ды 2 жұқтыру механизімі бар:- ауа тамшылары арқылы, респираторлы инфекцияларда түшкіреді, жасаурайды және жөтел.

  Түшкіргенде және жөтелгенде аурудың ауызынан сілекейдің және қақырықтың кішкене тамшылары шығады.

- респираторлы инфекцияның екінші жұқтыру жолдары- байланыс арқылы.

Әдетте, ауа тамшылары арқылы таралатын инфекцияларды болдырмау үшін     түшкірген немесе жөтелген адам ауызын қолмен жабады, бірақ-та, ашық кеңістікке шығатын микробтардың көбісі жөтелген немесе түшкірген адамның алақынында қалып қояды. Сосын оны алақанымен үй тұрмысындағы заттарға, достарының, таныстарының, әріптестерінің қолдарын алысқанда жұқтырады.

Сондықтан-да, респираторлы аурулар от алған жағдайларда қолды жуып отыру және қолмен өз бетін ұстаудан аулақ болу өте маңызды.

 Вирустардың жоғарғы концентрациясы жобық бөлмелерде сақталулары мүмкін, әсіресе адамдардың көп жиналатын орындарында: кеңседе, мектептерде, бала-бақшаларда, қоғамдық автокөліктерде, дүкендерде. Қарсы, таза ауада микроб тамшыларын жұқтыру мүмкін емес.

  Кеңінен таралған пікірге және маусымдық ЖРВИ-дың от алуына қарамастан  таза ауада қыдыру қауіпсіз. Маңыздысы, қыдыратын орынға немесе жұмысқа қандай көлікпен баратыңыз.

                                            Аурудың белгілері.

  Ауруды қоздырғышы ағзаға түскеннен кейін, уақытты қажет етеді, ағзаның қорғаныш кедергілерінен өтіп толық көлемде таралып, ағзаға өз әсерін тигізеді.     Ол инкубациялық кезең деп аталады.  ЖРВИ үшін инкубациялық кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан бастап 3 тәулікке дейін, орта шамамен 2 тәулікке дейін сақталады.

   Бұдан әрі ЖРВИ клиникалық көрінісі басталады. Оны 2 синдромға бөлуге болады- катаралды және интоксикационды.

    Катаралды синдром шырышты қабыршықтардың зақымдануының нәтижесі болып келеді: құрғақтық, тамақтың ауруы, мұрынның бітуі, түшкіру, жөтел- аурудың басында құрғақ, аурудың соңында ылғалды жөтелге айналады.

   Интоксикационды синдром- ол дене қызуының көтерілуінен, қалтыраудан, бұлшық ет пен буындар ауырады, асқынған ауыр жағдайларда – жүрек айнып лоқсиды, естен танады.

    Ауру белгілерінің айырмашылықтарына қарамасытан, көптеген адамдарға ЖРВИ оның ішінде тұмау ауыр ауру емес болып келеді. Қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі, асқынған бүйрек  жеткіліксіздігі, туберкулез ауруларымен ауыратындарға және бір жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге қауіпті болып келеді.

                                           Алдын алу жолдары.

  Вирусты инфекциялармен күресудегі антибактериалдық препараттарды құруда заманауи ғылымдар көптеген жетістіктерге жеткендеріне қарамастан (антибиотиктар дегендер) ондай прогресстер жоқ. Инфекцияның таралуын болдырмау және оның сау адамның ағзасына енуін үшін сондықтан-да басты мақсат ол профилактикалық іс-шараларды жүргізу.

  1. Қорғаныс маскісі- ауру адамға бірінші орында. Дұрыстап киілген.
  2. Ауаны ылғалдандыру;
  3. Мұрын шырышын ылғалдандыру;
  4. Бөлмеге ылғалды жыйыстыру жұмыстарын жүргізу;
  5. Бөлме ауасын кварцтау (ультрокүлгін лампамен сәулелендіру), осы процедура жүргізіліп жатқанда бөлмеде ешкімнің болмағанын естен шығармауымыз керек, кварц лампасына қарамау керек;
  6. Бөлмедегі ауауны алмастыру (келесі ауауны ылғалдандыруымен қоса);
  7. Қол алып амандаспау, адамдардың көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде жүруді қысқарту;
  8. Көзді, мұрын, ауыз ұстамау, қолды сабынмен жиі жиі жуып отыру қажет.

Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

 

 

2017 ж 06.01

 


2017-01-06 11:05:09

Сондай-ақ оқыңыз