Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының және ауыл аймақтарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы

 

 Ақсу қаласының және ауылдық

аймақтарының 2017 жылғы 6 айына  санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы

 

    2017 жылы 6 айына Ақсу қаласы және ауыл аймақтарының эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанды. Ішсүзек ауруы, В және С жіті вирус гепатиттері, менингит, дизентирия, ЖІИ, вакцинакөнгіш – полиолемит, дифтерия, сіреспе, қызмақтың, эпидемиялық паротиттің, қызылша, тамақтан улану, жұқпалы аурулар және аса қауіпті жұқпалы індеттері тіркелген жоқ.
  2017  жылы жіті ішек инфекцияларымен ауыру жағдайлары  6,2 (1 жағдай) құрады 100мың тұрғынға құрады. Қала бойынша уру 7 жаска дейінгі балалар арасында тіркелді.
Ағымдағы жылы жіті вирусты гепатит А өсуі байқалады. ВГА (ересек) 1 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға 44,8 көрсеткішті құрайды, өткен жылғы кезенде жағдайлар тіркелген жоқ.
Жіті вирусты гепатиттің төмендеуі байқалады, ХВГС 2 жағдайы және ХВГВ 2 жағдайы тіркелген, 2016 жылы ХВГС 4 жағдайы және ХВГВ 3 жағдайы тіркелген. 
  Тұрғылықты мекендердегі декреттелген жастағы балаларды екпемен қамту бойынша айлық жүргізілуде, мониторинг деректері бойынша ағымдағы жылдың 6 ай ішінде екпемен қамтылғандардың саны, вакцинациялау АбКДСЗ+Хиб3+ВГВ3+ИПВ3 – 52,3 пайыз, ревакцинациялау –АбКДС4+Хиб4+ИПВ5 – 46,6 пайыз, КПК 1 жас және 6 жас – 47,7 пайыз және 50,4 пайыз; ВГА1 – 39,3 пайыз, ВГА2-35,1 пайыз; ОПВ4 – 7,6 пайыз, АбКДС 6 жас – 43,9 пайыз, ПКВ 1 – 46,3пайыз; ПКВ2-47,7пайыз; ПКВ3-44,3 пайыз. АбКДС, ВГВ, ИПВ4вакциналарымен қамтамасыз етілмеген,себебі вакциналардың жеткізілуінде қиындықтар туындаған.
  Ақсу қаласы бойынша туберкулез бойынша эпидемиялық жағдай қолайсыз. Ағымдағы жылдың 6 ай ішінде туберкулезбен ауыратындар саны 52 % жоғарылап және 100 мың тұрғынға 35,2 құрады, қарсы өткен жылдың ағымдағы мерзімінде 100 мың тұрғынға 16,5 көрсеткішті құрады.
  Ақсу қаласы бойынша 100 мың тұрғынға 36,5 көрсеткішті құрайды (18 жағдай), қарсы 19,8 (10 жағдайы). Ақсу қаласының ауыл аймағында  32,2 (7 жағдай), қарсы өткен жылдың ағымдағы мерзімінде 8,9 (2 жағдай).
      Балалар арасында ағымдағы кезеңде туберкулез бойынша 2 ауру жағдайлары тіркелді, 12,5 көрсеткішімен, өткен жылдың ағымдағы кезеңінде ауру жағдайлары тіркелген жоқ.
Жасөспірімдер арасында туберкулез бойынша 2 жағдайлар тіркелген,100 мың тұрғынға 88,7 көрсеткішімен, қарсы өткен жылдың ағымдағы мерзімінде 1 жағдайы 100 мың тұрғынға 44,4 көрсеткішті құрады.
Барлығы Ақсу аймағында туберкулездің бактериябөлгіш түрі бойынша есепке алынғандар саны 48, 38 ошақ құрып отыр. 86 байланыста болғандар есепке алынды 57 ересек, 4 жасөспірім, 25 балалар.
   2017 жылыдың 6 ай ішінде жануардын сілекейлеуінен, қабуынан, тырнауына зардап шегушілердің антирабиялық көмекке жүгінгендер саны 111 адам (100 мың тұрғынға 156), өткен жылдың ағымдағы кезеңінде 107 адам (100 мың тұрғынға 147,5). Барлығына антирабиялық көмек көрсетіліп жатыр.
2017 жылы Ақсу қаласында халықтар арасында паразиттік аурулар 2,3 пайызға өсіп тұр. Тұрғындар арасында паразитарлық аурулардың 42 жағдайы тіркелген. Аурудың көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 59,1 құрайды, қарсы 2016 жылмен салыстырғанда 41 жағдай (57,7 100 мың тұрғынға).

   Гельминтоздың 20 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға 28,2 көрсеткішімен, қарсы 2016 жылы 27 жағдай, 10 мың тұрғынға 37,2 көрсеткішімен.
Энтеробиоз ауруы өткен жыл деңгейінде тұр 15,4 көрсеткішімен 100мың тұрғынға.
  Описторхоздың 11 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға 15,4 көрсеткішімен,  2016 жылмен салыстырғанда 21,4 пайыз ауруының төмендеуі байқалды..
 Лямблиоз ауруы 20 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға 28,1 көрсеткішімен (2016 жылы 100 мың тұрғынға 26,2).
  Дерматомикоз ауруының 7 жағдайы тіркелген 100 мың тұрғынға 12,7 көрсеткішімен көбейгені анықталып отыр, 2016жылы 100 мың тұрғынға 2,7 көрсеткішімен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 2017 ж 08.03

 


2015-06-04 10:45:31

Сондай-ақ оқыңыз