Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

А вирусты гепатиттің алдын ал

     Ағымдағы жылы Павлодар облысында А жіті вирусты гепатиттері бойынша тұрақсыз жағдай қалыптасты, оның 3,5 есе өскені анықталды. Аурудың 18 жағдайы тіркелген (5 жағдай 2016 жылы), сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға 2,3 құрады (республикалық көрсеткіш бойынша 2,19). Ақсу қаласында 2017 жылы А вирусты гепатитінің 1 жағдайы тіркелген (2016 жылы - 0)

 

  А вирусты гепатиті фекальды-оральды таралу жолы механизмімен кең таралған инфекциялық ауру болып қалуда. Инфекция қоздырғышы бауырды зақымдайтын А гепатитінің вирусы болып табылады. Ауруға циклдық белгілер мен күз маусымдылығы тән. Жаздың ыстық маусымында вирустың таралуына қолайлы шарттар туады, ал ауру инкубациялық аралықтың 21-35 күндеріне сай күз айларында анықталады.

 

ВАГ кезінде сулы, тағамдық, қатынасты-тұрмыстық инфекцияның таралу жолдары дамиды. Жиі вирусты тарату факторлары ретінде су себепші болады, термиялық өңдеуден өтпеген тағамдар, өнімдер, спорадиялық ауру кезінде кір қолмен ұстау жиі себепші болады.

 

 Су арқылы таралу кезінде сапасыз ауыз суды пайдалану кезінде, А вирусты гепатитімен ластанған суды қолдану барысында зарарлану пайда болады, ол кәріздік жүйелердегі апаттық жағдайларда су құбырларындағы лас су арқылы беріледі. Сонымен қатар, өзен, көлдердің, мұхиттардың, басқа да су қоймаларының суы да қауіпті, осы ластанған суға шомылу кезінде де адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін.

 

  Қатынасты-тұрмыстық таралу жолы- инфекцияның бұл жолы жеке гигиена ережелерін сақтамағандықтан болады. Таралу факторлары ретінде қол, сонымен қатар инфекция қоздырғышымен қатынаста болған барлық заттар болуы мүмкін.  Қолдарына жұқтыру жиі қоғамдық пайдалану орындарда болады, бұл кірленген есік тұтқалары, кірленген тұрмыстық заттар (ыдыстар, орамалдар, киімдер, ойыншықтар, т.б.) арқылы болуы әбден мүмкін. 

 

Таралу факторлары ретінде термиялық өңдеуден өтпеген тағам өнімдері - жемістер, көкөністер, салаттар, сонымен қатар ластанған дайын тағамдар, салаттар, винегреттер, шырындар, қауын, сүт, балмұздақ және т.б.

 

Инфекция көзі ауру адам болып табылады. Вирус ағзадан фекалиялармен бөлінеді.   Вирустың көп мөлшері алғашқы ауру белгілері пайда болғанға дейін 7-10 күн бұрын анықталады. Инфекция көзі ретінде маңызды қауіптілікті сарғыш белгілері жоқ және инфекцияның белгісіз түрімен ауру адамдар төндіреді,  олар тіркелушілердің арасында жартысына тең болуы ықтимал.

 

Инкубациялық аралық – ағзаға вирустың енуінен бастап клиникалық белгілер анықталғанға дейін 7 ден 50 күнге дейін құрайды, орташа алғанда  21-35 күн.

 

Ауру дене қызуы, әлсіздік, бастың ауырсынуы, тәбеттің төмендеуінен басталады, кейде алғаш белгілер ЖРВИ ұқсас болады. Сонымен қатар жүрек айну, құсу, үлкен дәреттің келмеуі немесе іштің өтуі, оң жақ қабырға астының ауырсынуы пайда болады. 3-5 күннен соң аурудың анық белгілері байқалады – сарғаю. Несеп сары түсті болады, сыра түсіне ұқсас, сілемейлі қабықтар, тері сарғаяды.

 

Сарғыш белгілер дәрігерге жүгінуге мәжбүрлейді. Яғни вирус тым көп бөлінген уақытта адам өмір сүру салтын сақтап, вирусты қоршаған ортаға белсенді түрде таратады.

 

Сонымен қатар, ауру сарғылт белгісіз өтуі де мүмкін, ондай жағдайлар сирек кездеседі және тіркеледі, ол сондай-ақ А вирусты гепатитінің белсенді таралуына себепші болады. 

 

  Ауру ағымы негізінде орташа ауыр немесе жеңіл болады. Сауығумен аяқталады. Жас ерекшелікке сай ауруға тән сарғылт және ауыр түрі ұлғаяды. Аурудың асқынуы бауырдың созылмалы ауру түріне немесе созылмалы В және С вирусты гепатитінің формасына айналуында. 

 

  Алдын алу фекальды-оральды таралу механизміне бағытталған, бәрінен бұрын халықтың өмір сүруінің санитариялық-гигиеналық шарттарының жақсартылуына:

 

- сапалы ауыз сумен қамту, эпидемиялық тұрғыда қауіпсіз өнімдермен қамтуда;

 

- дайындау, тасымалдау, сақтау, әзірлеу технологиялары мен азық-түліктерді сату барысында, әрі кезінде осыған қойылатын сапалы және кепілді санитарлық ережелердің шарттарын құру;

 

- балалар мекемелерінде, оқу жайларында санитарлық-техникалық, гигиеналық нормалардың және ережелердің, санитарлық-эпидемияларға қарсы тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

 

- халықты гигиеналық тәрбиелеу.

 

Өзіңді аурудан қалай қорғау керек?

 

Ең тиімді әдіс вакцинация болып табылады. ВАГ қарсы екпелер ұлттық күнтізбеге енгізілген. Вакцинацияға екі жас аралығындағы балалар жатады. Осыдан басқа ВАГ зарарланудан қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау қорғайды:

 

-  тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу;

 

- қайнатылмаған суды ішпеу;

 

- жуылмаған жемістер пен көкөністерді пайдаланбау.

 

Осы қарапайым ережелер Сізді тек А гепатитінен ғана емес, сонымен қатар басқа да ішек жұқпаларынан қорғауы әбден мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 22.09

 

 

 

 

 


2016-06-10 09:56:00

Сондай-ақ оқыңыз