Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

"2020 шомылу маусымы" акциясы

Ақсу қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасы келесіні хабарлайды: 2020 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін "2020 шомылу маусымы" акциясы өткізіледі.

Акция барысында Ақсу қаласының жағажайынан су мен топырақтан микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге, ауыр металл тұздарына және пестицидтерге сынама алынды.

Зерттелген су сынамаларының нәтижелері талаптарға сәйкес келеді.

Сондай-ақ Ақсу қаласы жағажайының СҚА-нан микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге, ауыр металл тұздарына және пестицидтерге топырақ сынамаларын іріктеу жүргізілді.

Зерттелген топырақ сынамаларының нәтижелері барлық көрсеткіштер бойынша талаптарға сәйкес келеді.


2020-05-28 18:20:23

Сондай-ақ оқыңыз