Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Облыс аумағында карантиндік шараларды өзгерту туралы» № 7 ҚАУЛЫСЫНА өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 «2020 жылғы «15» мамыр                                                        Павлодар қ.

 

Мен, Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Замзагүл Сапарғалиқызы Дощанова, «Халық денсаулығы және денсаулық   сақтау  жүйесі   туралы» Қазақстан Республикасы  Кодексінің 21 бабының 13 тармағының 4) тармақшасына, мемлекеттік Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылдың 10 мамырдағы «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирусты инфекция ауруының алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы» № 36-ПГВр Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 11 мамырындағы «Облыс аумағында карантиндік шараларды өзгерту туралы» № 7 қаулысына төмендегідей  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)1 тармақтың  4) тармақшасы төмендегі редакцияда жариялансын:

          «санитарлық нормаларды сақтай отырадіни мақсаттағы объектілер жұмысын сағат 07.00 ден 20.00 дейін рұқсат беру (жалпы пайдалы аумағынан 30 % көп емес аумақты толтыру, келушілер арасында қашықтықты сақтау мақсатында 1,5 кем емес белгіні салу,бетперделік режимді сақтау, 3 реттен кем емес рет желдету, дезинфекциялық  режимді күшейту)»;

          2)8) тармақшаны 8)-1 тармақшамен толықтырылып, төмендегі редакцияда жариялансын:

           «жалпы пайдалы аумағынан 30 % көп емес аумақты толтыра отыра өзен көлігі қызметіне сағат 07.00 ден 21.00 дейін рұқсат беру (қыдыру теплоходтары, баржалар, катерлер т.б.) қашықтық және бетперделік режимді сақтай отыра, санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отыра»;         

           3)1 тармақтың  18) тармақшасына  төмендегі толықтырулар  енгізілсін:

           «рұқсат беру:

- бір уақытта келушілердің санын 30 адамнан көбейтпей шектеу арқылы,  адамдарды қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын сағат 8.00 ден 21.00 дейін (персоналдың бір реттік қолғаптар мен бетпердені пайдалануы; бетпердені әр 3 сағат сайын 1 рет ауыстырып отыру, санитайзерлер орнату, күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу; жіті респираторлық инфекциясы белгілері бар персоналды жұмысқа жібермеу; бөлмелерді жұмыс ауысымы біткен соң немесе әр 6 сағат сайын дезинфекциялық құралдарды пайдалану арқылы желдетіп, ылғалды жинау; үстелдер арасында 2 метрден кем емес қашықтықты сақтау);

-әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отыра, ашық ауада жұмыс істейтін жазғы алаңы бар қоғамдық тамақтану объектілерін сағат 10.00 ден 21.00 дейін (персоналдың бірреттік қолғаптар мен бетпердені пайдалануы; бетпердені әр 3 сағат сайын 1 рет ауыстырып отыру, санитайзерлер орнату, күшейтілген дезинфекциялық  режимді енгізу; жіті респираторлық инфекциясы белгілері бар персоналды жұмысқа жібермеу; бөлмелерді жұмыс ауысымы біткен соң немесе әр 6 сағат сайын дезинфекциялық құралдарды пайдалану арқылы желдетіп, ылғалды жинау; үстелдер арасында 2 метрден кем емес қашықтықты сақтау).

-санитарлық-дезинфекциялық шаралар мен әлеуметтік қашықтықты күшейте отыра, қонақүйлер кешендері жұмысын.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау». 

2.Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы қаулы 2020 жылдың 17 мамыры сағат 00.00 ден бастап күшіне енеді.

 

 

 

           Павлодар облысының

           Бас мемлекеттік

           санитарлық дәрігері                                                              З. Дощанова

 

 


2020-05-19 17:23:48

Сондай-ақ оқыңыз