Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Облыс аумағында карантиндік шараларды өзгерту туралы

Облыс аумағында карантиндік шараларды өзгерту туралы

№ 7 ҚАУЛЫ

 

2020  жылғы «11» мамыр                                                              Павлодар қ.

 

Мен, Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Замзагүл Сапарғалиқызы Дощанова құжаттарды қарап: Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 11 мамырдағы Жарлығы, мемлекеттік Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылдың 10 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №36-ПГВр Қаулысын,  Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 21-бабы 13-тармағы 4) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасында және Павлодар облысында CОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жедел мәліметтері  негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Облыс әкімдігі:

1)көріністі, спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;

2) кинотеатрлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, театрлар, музейлер, көрмелер, кітапханалардың басқа да адамдар көп жиналатын объектілердің жұмысына тыйым салуды; 

3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлеріне, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу мен интернаттарда  карантин мен санитарлы-дезинфекциялық режимді сақтауды;

          4)уәкілетті тұлғалардың шектеулі санда діни рәсімдерді өткізуді қоспағанда, діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды (бес адамнан көп емес,  бір-бірінен екі метр арақашықтықты, бетперделік режимді сақтап, дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отыра) және онлайн-тарату режимінде;

          5)халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін; медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдарға; карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда емделуде жүрген адамдарды қоспағанда, облыс аумағына өзге  аймақтардың тұрғындарының шығуына және кіруіне тыйым салуды;

          ЕЭО пен Өзбекстан Республикасынан Мемлекеттік шекара арқылы келетін тұлғалар COVID-19-ға зертханалық тексерістен өткізу мен  12 тәулікке дейін ( үй карантиніне)  оқшаулануға жатады.

Тасымалдау қызметімен байланысты тұлғалар, халықаралық жүк автомобиль тасымалдауын жүзеге асыратын жүргізушілер мен транзитті жүргізушілер шекарада өту орнында COVID-19-ға зертханалық тексерістен өтуге жатады.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Тенгизшевройл»  ЖШС объектісінен оралған тұлғалар келген жері бойынша COVID-19 ға зертханалық тексеру үшін 2 тәулікке дейін  карантинді стационарға оқшауланады,  оң нәтижелі тұлғалар ем алу үшін инфекционды стационарға ауыстырылады, COVID-19 ға теріс нәтижелі тұлғалар 12 тәулікке дейін үйде оқшауланады (үй карантині).  Үйде оқшаулануға жағдай болмаса,  карантинді стационарға оқшаулануға ұсынылады.

6)облыс көлемінде блокбекеттерде санитарлы-карантинді бақылауда ұйымдастыруда:

         -жұмыс орнына анықтамасы және жұмыс орны бойынша елде мекенде тіркелу анықтамасы болса, ТЖ режимі алынып тасталғаннан  кейін іске қосылған ұйымдарда жұмыс істеу үшін азаматтардың еніп/шығуын;

         -медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін, оның ішінде, шұғыл мамандандырылған көмекке мұқтаж, екі адамнан көп емес адамның еріп жүруімен, қажетті құжаттары бар тұлғаларға рұқсат етуді («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у формасына сәйкес, диагнозы мен емдеу шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаторлы-емханалық ұйымдардың дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы; диагнозы көрсетіліп, шұғылдығы дәлелденген, бірінші басшының қолы қойылып, елтаңбалық мөрмен расталған, карантинді аумақта орналасқан медициналық ұйымның шақырту хаты);

          -жақындарының қайтыс болуына байланысты кететін/келетін тұлғалар, растаушы құжаттары болғанда (анықтама, жеделхат және т. б.); жерлеу рәсіміне тек жақын туыстары жіберіледі (он адамнан көп емес);

          -жоғарыдағыларды қоспағанда, жекелеген санаттағы тұлғаларға шығып-ену рұқсаты жергілікті атқарушы органдармен беріледі, бұл ретті көрсетілген тұлғалар келу жері бойынша 14 күнге үй карантиніне жатқызылады;

7)көліктегі Бас мемлекеттік снитарлық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен қосымша талаптарын міндетту орындаумен  авиарейстерге рұқсат беруді;

 8)теміржол вокзалы, автовокзал және автостанциялардың қызметін тоқтата тұру, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарын, сондай-ақ жеке тасымалды тоқтата тұруды;     

9)бетперделік және дезинфекциялық режимді, 1 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай  отыра жұмысы уақытын  сағат 6.00 ден 20.00 ге дейін шектеу арқылы қоғамдық көліктердің жұмысын жаңартуды;

10)әр рейс алдында қоғамдық көліктерді аэропорттарды,  супермаркеттерді, нарықтарды, қоғамдық көлік аялдамалаларын (күніне екі реттен кем емес), жерүсті және жерасты өткелдерінің жақатуларын, спортттық снарядтарды, балалар мен спорт алаңдарын,  орындықтарды, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды және дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып  жуу,  өңдеуді;

          11)ТЖ режимі алынып тасталғаннан  кейін іске қосылған ұйымдарды қоспағанда  облыс ішінде жеке көліктің жүруін шектеу;

12) салонда екі адамнан көп емес немесе бір отбасы мүшелерін бетпердемен тасымалдай отыра ресми қызметтегі таксиге (түнгі уақытта таксопарктің беске дейінгі бірлігінің сағ.22.00 ден 06.00 дейін жүруіне рұқсат ете отыра);   

13)саяжай телімдеріне бару үшін елді мекеннен шығуға/енуге рұқсат (көршілер/қонақтарды шақыруға және пикник ұйымдастыруға тыйым салынады),  бұл ретте Аймақтық  штабтар баубақшаларға бару тәртібін анықтайды;

14) және одан көп адам бірлесіп қыдыруға шығу үшін міндетті түрде бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра рұқсат беруді;

15) ойын-сауық объектілерінсіз бақтар, алаңдар, жағалау мен саябақтарға 3 адамнан көп емес топтарына немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра рұқсат беруді;

16)үй жанындағы минимаркеттер, дүкендер жұмысын  санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, бетперделік режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра сағат 09.00 ден 21.00 ге дейін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

17)азық-түлік нарықтары жұмысын санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, бетперделік режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра сағат 07:00 ден 17:00 ге дейін, ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

18)қоғамдық тамақтану объектілері жұмысын (дәмхана, мейрамханалар және т.б.) сағат 9.00 дан 21.00 дейін санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, бетперделік режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

19) ауданы 2 мың ш. м. дейін азық-түлік емес дүкендердің, азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс режимін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектей отырып, жұмысы. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

 

20)дәріханалар жұмысын санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, бетперделік режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

21)құрылыс дүкендері, баубақша құралдарын сату дүкендерін, оптикалар (дүкендер), гүл дүкендері, зоодүкендер, фотосалондар, адамдардың жиналуы мен тығыз ұзақ қатынасын тудырмайтын басқа да объектілер жұмысын санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, бетперделік режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра сағат 10.00 ден 17.00 ге дейін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

22)техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиножөңдеу, автосалондар жұмысын сағат 9:00 дан 18:00 ге дейін ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

23)шаштараз, сұлулық салондары жұмысын (алдын ала жазылу бойынша) сағат 10:00 нан 17:00 ге дейін келушілерді бетпердемен енгізіп және санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра;

24)бизнес орталықтары жұмысын(сақтандыру компаниялары, адвокат қызметтері, нотариус, бухгалтер мен консалтинг жұмыстары, жылжымайтын агенттіктер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, құрылыс компании, шағынқаржы қызметтері, ломбардтар, айырбастау пункттері және т.б.) санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, бетперделік режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра сағат 10.00 ден 18.00 ге дейін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

          25)ХҚКО-лардың, арнайы ХҚКО жұмысын, жаңа жұмыс регламентіне сәйкес, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра сағат 09.00 ден 17.00 ге дейін (Павлодар қ. алдын ала брондау бойынша). Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

26)екінші деңгейлі банктер жұмысын санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра 09.00 ден 17.00 ге дейін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

27)«Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра 09.00 ден 17.00 ге дейін, қызметкерлер тұрғындарға қызметті біреттік қолғап пен бетперделерде көрсету арқылы, пошталық корреспонденциямен байланысты жұмыстар (хаттар, сәлем-сауқаттар т.б.)жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар).

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

28) спорт объектілерінің  қызметін (оқу-жаттығу жұмысын 30 адамға дейінгі топтарға жүргізу), (ашық ауада) сондай-ақ  санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

29) тұрғындарға қызмет көрсету  объектілері жұмысын сағат 10:00 ден 17:00 дейін (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігу ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киімғ киім жөңдеу қызметтері, химтазартулар, кір жуатын орындар, киім тігетін ательелер, кілт дайындайтын, телефон, компьютер, тұрмыстық  техника шеберханалары, телешеберханалар, картридждер толтыру және т.б. объектілер жұмысын), ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес адамдардың жиналуы мен тығыз ұзақ қатынасын тудырмайтын басқа да объектілер жұмысын санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау;

30)медициналық орталықтар қызметін (жазылу бойынша) аймақтандыру талаптарын сақтап және санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра;

31) ветеринарлық клиникалар қызметін (жазылу бойынша) аймақтандыру талаптарын сақтап және санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра;

32)көктемгі-дала жұмыстарына тартылған адамдар мен ұйымдар жұмыстарын ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес сақтау;

33)мемлекеттік органдар (ұйымдар), кеңселер жұмысы әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра еңбек ұжымында эпидемияға қарсы ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес. Бұл ретте қызметкерлердің 50% үшін жұмыстың қашықтықтағы түрі сақталынады (штаттық кестеде 30 дан астам қызметкерлер болса);

34)қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді бақылау (қолдарды өңдеу үшін  санитайзерлер орнату, үстіңгі беттерді күніне екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды пайдалану арқылы ылғалды жинау, желдету);

35)мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар жұмысы (жастарына қарай) санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес;

36)балалар мен қызметкерлердің денсаулығын ЖРВИ белгісіне бақылай отыра және санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра (термометрия) білім беру орталықтары, үйірмелер жұмысы (жазылу бойынша);

37)балалар мен қызметкерлердің денсаулығын ЖРВИ белгісіне бақылай отыра және санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра (термометрия) балалардың түзету кабинеттерінің жұмысы (жазылу бойынша);

38)білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқытуы, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлері;

39) мәдениет объекілері жұмысы(жекелей және топтық жаттығулар 30 адамға дейін санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отыра ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес;

 

40)әскерге шақырушыларды әскери бөлімге келген соң ПТР әдісімен COVID-19 ға зертханалық тексеру;

41)қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, аэропорттарды, ауладағы балалар алаңы мен басқа да объектілерді санитарлық және дезинфекциялық өңдеу ПГВр №36 жұмысы алгоритміне сәйкес.

          42)эпидемияға қарсы режим талаптарының орындалуын мониторингілеу және әкімдіктер жанындағы мобильді топтармен объектілерді таңдаулы түрде тексеру ҚР қолданыстағы заңнамасы мен құзыреті шеңберінде карантиндік және шектеу іс-шараларын бұзу анықталған кезде шұғыл шаралар қабылдау;  

43)тұрғындар арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша  ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу.

2.Облыстың денсаулық сақтау басқармасы:

1) COVID-19 науқастарды клиникалық протоколға сәйкес, 3 күнге дейін  инфекциялық стационарға жатқызылсын. Белгісіз вирустасымалдағышта (ПТР РНК SARSCoV- оң нәтиже, шағымдардың жоқтығы, өкпені құралмен бақылағанда клиникалық симптомдар мен  патологиялық өзгерістердің болмауы) пациент шығарылуын;

2) клиникалық протоколға сәйкес, оқшаулау жағдайы болғанда COVID-19 белгісіз вирустасымалдағыш жағдайында тұлғалардың үй карантині  және медициналық бақылауды;  

3)оқшаулаудың үй жағдайы болмағанда COVID-19 белгісіз вирустасымалдағыш жағдайында тұлғаларды карантинді стационарға госпитальдауды;

4)үй карантині үшін тұрғын үйдің талаптарына баға беруді;

5)үйде медициналық қадағалауды бақылауды және үй карантині талаптарын орындауды;

6)шетелден келген тұлғаларды  COVID-19 ға зертханалық тексеру үшін карантинді стационарға госпитальдауды;

7)COVID-19 белгісіз вирустасымалдағыш тұлғалар мен шетелден/аймақтардан келген тұлғаларды түрлі  карантинді стационарға орналастыруды;

8)жүріп-тұруына жол бермей отыра карантинді стационарларға медициналық персоналды бекітуді (COVID-19 белгісіз вирустасымалдағыш тұлғалар мен шетелден/аймақтардан келген тұлғалар үшін медициналық персоналдың  араласуына жол берілмейді);

9)карантинді стационарлар перосналының ЖҚҚ 2 деңгейлі қорғанышын қолдануды;

10)ПГВр №36 тестілеу алгоритміне сәйкес, COVID-19 ға зертханалық тексеру;

11) COVID-19 науқаспен қатынасты тұлғаларға  COVID-19 ға қайталанып зертханалық тексеру және оларға COVID-19 ға мүмкін белгілерді түсіндіруді;

12) COVID-19 науқаспен қатынасты тұлғаларға (жақын қатынас) 14 күн ішінде үйде оқшаулануда зертханалық тексеру мен  медициналық қадағалауды (үй карантині);

          13)қажет жағдайда жоспарлы медициналық қызметтерді алып тастау/шектеу туралы шешім қабылдау (жоспарлы госпитальдау, профилактикалық қаралулар,скринингтер, оңалту);

14) ПГВр №36 алгоритміне сәйкес, тұрғындарға профилактикалық екпе жүргізуді қамтамасыз етсін.

3.Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі  №6  Қаулысы күшін жойды деп есептелсін.

4.Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

  5.Осы қаулы 2020 жылғы 12 мамырда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

         

         Павлодар облысының

       Бас мемлекеттік

       санитарлық дәрігері                                                             З. Дощанова


2020-05-12 18:13:11

Сондай-ақ оқыңыз