Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Карантиндік шараларды күшейту туралы

 Kaz

Карантиндік шараларды күшейту туралы

 

Өңірлерде коронавирустық инфекция (бұдан әрі –COVID-19) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1.                  Облыстардың әкімдері:

1)                 халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуды;

2)                 авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің  қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;

3)                 қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блок-бекеттерді орната отырып, карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуді;

4)                 Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды;

5)                 әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін тоқтата тұруды, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салуды;

6)                 екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды;

7)                 меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

8)                 жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;

9)                 қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;

10)             ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;

11)             Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің күштерін тарта отырып, карантиндік аумақты патрульдеуді;

12)             тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;

13)             діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;

14)             облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;

15)             бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді;

16)             қажет болатын:

- азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;

- жұмысқа шығу жағдайларын қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеуді;

17)            тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

18)            65 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салуды;

19)            карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды;

20)            карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды;

21)            қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;

22)            COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды;

23)            осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында аймақтарға бөлуді және жұмыс режимін сақтауды қамтамасыз етсін.

3. Аумақтардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері өңірлерде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шараларды қатаңдатуды және олардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 32-ПГВр қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ соматикалық стационарларға өмірлік көрсетілімдері бойынша шұғыл көмек көрсетуге мұқтаж, СОVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттер келіп түскен кездеосы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес  жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал үй карантиніне оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда карантинде болады және респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған жағдайда қайтадан зертханалық тексеруден кейін 14 күннен кейін жұмысқа жіберіледі;»;

2) 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3) 10-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері           А. Есмағамбетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

№ ___ қаулысына

1-қосымша

 

 

Медицина қызметкерлерініңСOVID-19-ды жұқтыруын болдырмау

мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға бөлу және жұмыс режимі

 

1-бөлім. Инфекциялық және провизорлық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі.

І. Инфекциялық және провизорлық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға қатаң бөлу:

1. Инфекциялық және провизорлық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.

2. «Таза»аймаққа мыналар жатады:

1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киім гардеробы, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;

2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары.Бұлретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және себезгі арқылы болуы тиіс;

3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;

4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар;

3. Осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары «лас» аймаққа жатады.

4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды:

1)ауысымға «таза» аймақтан «лас» аймаққа кіре берісте;

2)ауысымнан «лас» аймақтан  «таза» аймаққа шығатын жерде қамтамасыз ету қажет.

3)бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс.

5) «лас» аймақ – ЖҚҚ шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, себезгі кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет.

6.Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т.б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі.

Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.

7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

9. Персонал лас аймақта ЖҚҚ-мен (1-типті обаға қарсы костюм) 3 сағаттан асырмай жұмыс істеуі тиіс.

10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.

11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі:

1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу;

2) «таза» аймаққа кіре берісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады;

3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді;

4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді.

12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс.

13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануғажол берілмейді.

14. Провизорлық және инфекциялық стационарларда белгілердіжәне навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі.

15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі.

16.Госпитальдық эпидемиолог инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқау жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

ІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық және провизорлық стационарлардың жұмыс режимі:

17. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған стационарларда карантин енгізу қажет.

18. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуализацияныіске асыру қажет.

19. Стационарларда медицина қызметкерлері мен пациенттердің режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің, оның ішінде қабылдау бөлімшелерінің, зертханалардың және емдеу-диагностикалық бөлімшелердің жұмысын бейнебақылау (палатадан палатаға орын ауыстыру, қашықтықтан бақылау) қамтамасыз ету қажет. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыру) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету қажет.

20. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардыңконсультация беруі және оларды жүргізуібарынша қашықтықтан ұйымдастырылады.

21. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

22. Ауруханадан шығыралғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет.

22.Пациенттер палаталары медицина персоналын шақыру батырмасымен жабдықталуы тиіс.

24. Бөлімшенің госпитальдық эпидемиологы немесе аға мейіргері бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы барлық қызметкерлердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық бақылау жүргізуі тиіс.

25. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері міндетті түрде медициналық ұйымның басшысын тез арада хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.

26. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету) қамтамасыз ету қажет.

27. Медициналық ұйымдар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

28. Провизорлық стационардың басшылығы басқа қызметкерлерде респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін қалыптастыруы қажет.

29. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқау жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

ІІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық және провизорлық стационарлардыңмедицина қызметкерлерінің карантин жағдайларында тұру жағдайы:

30. Медицина қызметкерлерінің тұруы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету қажет:

- әртүрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін бөлек орналастыру және тамақтандыру (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмай);

- бір медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда бөлек орналастыру және тамақтандыру;

- кейіннен көлікті дезинфекциялай отырып, медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта әрбір медициналық ұйым үшін жеке көлікті қамтамасыз ету.

31. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

 

2-бөлім. Пациенттердішұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарларды (көп бейінді ауруханала, балалар ауруханалары, аудандық орталық ауруханалар, босандыру ұйымдары – бұдан әрі – медициналық ұйымдар) аймаққа бөлу және жұмыс режимі

32. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарлардың қызметкерлерін аймаққа бөлу, жұмыс режимі және тұру жағдайлары осы қосымшаның 1-бөліміне сәйкес инфекциялық және провизорлық стационарларға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

33. Емдеуге жатқызуға түскен кезде COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге пациенттердің мынадай санаттары жатады:

1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттер;

2) тыныс алу ағзаларының, эндокриндік жүйенің (қант диабеті, метаболизм синдромы), жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттер;

3) жүкті әйелдер.

34. Провизорлық стационарларда науқастарды емдеуге жатқызу тек бір орындық палаталарға ғана жүзеге асырылады.

35. Пациенттердің бөлімшелер бойынша және бөлімше ішінде жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттердің бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда, масканы пайдалану міндетті.

36. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда пациент инфекциялық стационарға ауыстырылады.

37. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал 1 типті обаға қарсы костюмнің типі бойынша ЖҚҚ-ны пайдаланады.

 

3-бөлім. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі

ІV. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарында аймаққа бөлу.

38. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулауға арналған изоляторды қарастыруқажет.

39. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.

40. «Лас»аймаққа мыналар жатады:

1) қабылдау бөлімшесі;

2) изолятор.

41. «Таза» аймаққа стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.

42.  Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып:

1)ауысымға «таза» аймақтан «лас» аймаққа кіре берісте;

2)ауысымнан «лас» аймақтан  «таза» аймаққа шығатын жердепайдалануды қамтамасыз ету қажет.

43. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып:

1)ауысымға «таза» аймақтан «лас» аймаққа кіре берісте;

2)ауысымнан «лас» аймақтан  «таза» аймаққа шығатын жерде пайдалануды қамтамасыз ету қажет.

3)бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан торап болуы тиіс.

5) «лас» аймақ – ЖҚҚ шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, себезгі кабиналары және сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

44. «Лас»аймақтың медицина қызметкерлері үшін ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайларыкіретін «таза» аймақ қарастырылуы қажет.Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.Бұл ретте оларға кіретін жер ЖҚҚ-ны шешуге арналған шлюз және себезгі арқылы болуы тиіс.

45.«Лас»аймақ қызметкерлерініңмедициналық ақпараттық жүйелердегі жұмысы, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішуіне және т. б. тек осы қосымшаның41-тармағында көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жол беріледі.

46. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

47. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

48. Персонал лас аймақта ЖҚҚ-мен (1-типті обаға қарсы костюм) 3 сағаттан асырмай жұмыс істеуі тиіс.

49. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.

50. Мына санаттағы пациенттерді емдеуге жатқызуға түскен кезде COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруді:

1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді;

2) тыныс алу ағзаларының, эндокриндік жүйенің (қант диабеті, метаболикалық синдром), жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерді;

3) жүкті әйелдердіқамтамасыз ету.

51. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін осы қосымшаның             50-тармағында көрсетілген пациенттер изоляторда болуы тиіс. Шұғыл көмек көрсету қажет пациент келіп түскен жағдайда (операция, босану және т.б.) оны COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін жеке палатаға орналастыру қажет.

52. Медициналық ұйымның барлық бөлімшелерінде маска режимін енгізу.

53. Қызметкерлерді әрбір 3 сағат сайын маскаларды ауыстыру есебінен бір рет қолданылатын маскалардың, әрбір пациенттен кейін ауыстыру есебінен бір рет қолданылатын қолғаптардың, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету.

54. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет.

55.Пациенттердің бөлімшелер арасында қозғалысына жол берілмейді.

56. Пациенттерге адамдардың келуіне тыйым салынады.

57. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға ауыстыру) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету.

58. Палаталардың толтырылу циклділігінсақтау.

59. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету.

60.Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.

61. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-дыықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.

62. Бөлімшенің госпитальдық эпидемиолог немесе аға мейіргері бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене қызуын күніне 2 рет өлшей отырып, медициналық қызметкерлердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық бақылау белгілеу.

63. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.

64. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқау жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

4-бөлім. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын аймақтарға бөлу

Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.

65. «Лас» аймаққа мыналар жатады:

1) сүзгі;

2) изолятор.

66. «Таза» аймаққа МСАК-тың қалған барлық үй-жайлары жатады.

67. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып, пайдалануды қамтамасыз ету қажет:

1) ауысымға кіре берісте «таза» аймақтан «лас»  аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа.

3) «таза» аймақтың құрамында шешінетін орын, ЖҚҚ беретін бөлме, сан.торап болуы тиіс.

4) «лас» аймақ – ЖҚҚ алу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, себезгі кабиналары мен сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

68.     «Лас» аймақтың қызметкерлері үшін «таза» аймақты қарастыру қажет. Осы «Таза»үй-жайлар сүзгінің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде орналастырылуы тиіс. Бұл ретте оларға кіру ЖҚҚ шешуге және себезгіге арналған шлюз арқылы болуы тиіс.

69. «Лас» аймақтың қызметкерлерәнің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуіне, кәсіби мәселелерді талқылауына, құжаттармен жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына және сусындар ішуіне және т.б. тек «таза» үй-жайларда ғана рұқсат етіледі.

70.Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

71. Персонал «таза» және "лас" аймақтар арасында персоналдың орнын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

72. Лас аймақтағы персонал ЖҚҚ-мен (1 типті обаға қарсы костюм) 3 сағаттан асырмай жұмыс істеуі тиіс. 

73. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персоналы ЖҚҚ-сыз«лас» аймаққа жіберілмейді.

74. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында МСАК ұйымының негізгі кіре берісі арқылы «сүзгіге» кіруге жол берілмейді.

75.МСАК ұйымына кіре берісте сүзгінің орналасу орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады.

 76.МСАК ұйымдарының үй-жайына дене температурасы жоғары адамдардың кіруіне жол берілмейді.

77.COVID 19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады.

78.Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе провизорлық стационарға жатқызылады.

 

5-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдарын «лас» және «таза» аймақтарға бөлудің ұсынылатын схемалары

 

 

 

Схема строящегося стационара в г. Нур-Султан

 

 

 

 

Основной вход

в стационар

Отделения с выделенной чистой зоной для медицинского персонала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

№ ___ қаулысына

2-қосымша

 

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

№ ___ қаулысына

2-қосымша

 

І. Коронавирустық инфекция (COVID-19) кезінде

жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі

 

            Медицина қызметкелері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет.

             Кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылатынын және медициналық ұйымда инфекция көзі болуы мүмкін екендігін болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет.

             Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және ЖҚҚ, оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын  сақтауы қажет.

           Көп рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ЖҚҚ-ны қолданудан кейін және олардың арасында зарарсыздандыру және өңдеу қажет.

           ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс/іс-әрекет түрі) және вирустың берілу механизмдеріне (мысалы, байланыста болу, тамшы немесе аэрозольді) байланысты пайдалану қажет.

           СОVID-19 диагнозы расталған (күдікті)пациенттермен және карантиндегі адамдармен байланыста болған соң ЖҚҚ-ны шешіп, қолды антисептикпен өңдеу қажет. «Таза» аймаққа кірген кезде (демалу, тамақтану бөлмесі, құжаттармен жұмыс істеуге арналған кабинет, компьютер және т.б.) қолды антисептикпен қайта өңдеу қажет.

          Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты іс-әрекеттер үшін (мысалы, кеңірдекті интубациялау, инвазивті емес жасанды желдету, трахеостомия, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) медицина қызметкерлері респираторларды, көзге арналған қорғауды, суға төзімді қолғаптар мен халатты немесе 1 типті обаға қарсы костюмдерді қолдануы керек; сондай-ақ егер халаттар сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыштар қажет.

          Диагнозы бірдей  бірнеше пациентпен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, сол бір N95 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша респираторды киюге жол беріледі. Бір респираторды 4 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді.

         СОVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу кезінде қолданылатын ЖҚҚ түрі қызмет түріне байланысты (1-кесте).

            Өзін қорғау және халық арасында инфекцияның берілуінің алдын алу үшін өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша COVID-19-ға күдікті (науқас) адамдармен байланыста болатын басқа мамандардың сақтауы қажет қосымша сақтық шараларының қатарына қосымша жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады, ұсынымдар №1 кестеде келтірілген.

          Науқастың бөлінулерімен контаминирленген ЖҚҚ-дан жұқтыруды болдырмау үшін ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқау жүргізу керек.                            

1-кесте

 

COVID-19 инфекциясы жағдайында, жағдайларға,

персоналға және қызмет түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау жөніндегі ұсынымдар

 

Байланыста болу жағдайлары

Медицина персоналы немесе пациенттер

Қызмет түрі

Ұсынылатын ЖҚҚ түрі

Медициналық ұйымдар

Дәрігердің қабылдау  (консультация беру бөлмесі) бөлмесі

Медицина қызметкерлері

Респираторлық белгілері бар пациентті медициналық тексеру

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

 

 

Дәрігердің қабылдау  (консультация беру бөлмесі) бөлмесі

Медицина қызметкерлері

Респираторлық симптомдары жоқ пациентті медициналық тексеру

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Пациент палатасы

Медицина қызметкерлері

COVID-19 науқастарына тікелей медициналық көмек көрсету

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Пациент палатасы

Техникалық персонал

COVID-19 науқастың палатасына кіру

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

медициналық ұйымдар

Медицина қызметкерлері

Тікелей байланыссыз алдын ала скрининг.

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Пациенттер

 

Кез келген

1 метрден кем емес қашықтықты сақтау.

медициналық маска

Техникалық персонал (жинау)

үй-жайларды жинау

ЖҚҚ: 1-типті обаға қарсы костюм

 

Зертхана, медициналық ұйымдар

Медицина қызметкерлері

Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеуге сынама алу

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

 

Әкімшілік үй-жайлар

Медицина қызметкерлерін қоса алғанда, барлық персонал.

COVID-19 науқастарымен қарым-қатынас жасамайтын әкімшілік іс-шаралар

Медициналық маска

Шекараны кесіп өту (кіру-шығу) пункттері

Әкімшілік үй-жайлар

 Барлық персонал

Кез келген

ЖҚҚ: медициналық маска және қолға арналған антисептиктер

Скринингке арналған үй-жай

Персонал,  СКП қызметкерлері

 

Тікелей байланыссыз бірінші скрининг (температураны өлшеу)

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Медицина қызметкерлері, Персонал

Екінші скрининг (яғни, температурасы бар пациенттерден COVID-19 инфекциясын және сапардың анамнезін көрсететін клиникалық симптомдардың болуы туралы сұрау)

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Техникалық персонал (жинау)

Температурасы бар жолаушылар скринингі үй-жайларын (санитариялық үй-жайларды) жинау

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Уақытша оқшаулау үй-жайы

Персонал

Оқшаулау үй-жайына кіру, бірақ тікелей медициналық көмек көрсетпей.

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Персонал, Медицина қызметкерлері.

Жолаушыға медициналық ұйымға тасымалдау үшін көмек көрсету.

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Техникалық  персонал

Оқшаулауға арналған үй-жайларды жинау

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Жедел жәрдем машинасы немесе көлік құралы

Медицина қызметкерлері

COVID-19 күдікті  пациенттерді медициналық ұйымдарға тасымалдау

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

жүргізуші

Жүргізуші кабинасын COVID-19 пациенттен оқшаулау жағдайында CОVID-19 инфекциясына күдікті пациентті тасымалдауды жүзеге асыруға ғана қатысатын

ЖҚҚ: кем дегенде 1 м қашықтықты сақтау.

ЖҚҚ:респиратор, халат, қолғаптар, көзді қорғау (көзілдірік немесе қорғау қалқаншасы)

 

COVID-19 инфекциясына күдікті науқасты отырғызу және түсіру арқылы көмек көрсету

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

COVID-19 күдікті пациентпен тікелей байланыс болмаған жағдайда, бірақ жүргізуші кабинасын пациент үй-жайынан оқшаулау жоқ.

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

COVID-19 инфекциясына күдікті науқас

Медициналық ұйымдарға тасымалдау

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

Тазалаушылар

СОVID-19 күдікті пациенттерді емдеу-диагностикалық мекемелерге тасымалдаудан кейін және арасында тазалау

ЖҚҚ 1-типті обаға қарсы костюм

 

ІІ. І типті обаға қарсы костюмді кию және шешу тәртібі

 

I типті қорғаныш костюмі жиынтығының құрамына: шұлық, пижама, обаға қарсы халат, мақта-дәке маскасы, обаға қарсы орамал немесе капюшон, үшкіл орамал немесе медициналық қалпақ, көзілдірік (желдеткіш тесігі жоқ), сүлгі, қолғап 2 жұп (латексті және винилді), жеңқап, алжапқыш, резеңке етік кіреді.

І типті обаға қарсы костюмді кию тәртібі:

COVID-19-бен жұмыс істеу үшін обаға қарсы костюмді кию алдында дәретханаға барып, су ішіп, тамақтанып алу, сондай барлық әшекейлердішешу керек.

1. Комбинезон (пижама), пижама балақтары шұлыққа салынады;

2. Шұлық;

3. Резеңке етік;

4. Капюшон немесе орамал, ол маңдайға тығыз жанасуы керек (әженің орамалы сияқты), шаш орамал астына салынады, ол артқы жақта желкедебір түйінмен ілмектеп байланады;

5. Обаға қарсы халат (белдік бауларыалдынан сол жағынан ілмектеп  байланады), жеңдердің шеттері білек айналасында тығыз оралады, жеңдердің баулары ілмектеп байлалады, қолды екі жаққа ашқан кезде жұмысқа ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс;

6. Фонендоскоп мақта-дәке таңғышына дейін құлаққа киіледі;

7. Респратор (мақта-дәке маскасы):жоғарғы ұштары артынан бір бантқа байланады, төменгі ұштары төбеде бір ілмекке байланады (сақпанша таңғыш сияқты). Респиратор (мақта-дәке маскасы) - мұрын қанаттарының бүйіріне мақталы тампондар салынады (мақта талшықтары танауға түспеуі және жұмыс кезінде кедергі келтірмеуі тиіс);

8. Көзілдірік, көзілдірік шынылары жұмыс кезінде терлемеуі үшін арнайы қарындашпен немесе сабын кесегімен сүртіледі. Көзілдірік тығыз жанасуы үшін кеңсірік үстіне тампонқойылады;

9. Қолғаптар халаттың байламдары бар жеңінің үстінен киілуі тиіс;

10. Қолғаптың бүтіндігі ауамен тексеріледі.

11. Резеңке немесе полиэтилен алжапқыш;

12. Резеңке немесе полиэтилен жеңқаптар;

13. Екінші жұп қолғап;

14. Халаттың белдігінің оң жағынан сүлгі салынады.

ОҚК кию кезінде барлық баулары ілмектеп байланады.

І типті обаға қарсы костюмді шешу тәртібі:

1. Қолғаптағы қолды өңдегеннен кейін алдын ала дайындалған квачтардың көмегімен етік дезерітіндімен өңделеді. Алғашқы өңдеу «жұқпалы» аймақта (бокста) жоғарыдан төмен қарай жүйелі қозғалыстармен дезқұралмен легенде жүргізіледі.

2. Әрбір етікті өңдеу үшін жаңа квач қолданылады, әр етікті жеке жуады, квачты жоғарыдан төмен қарай молынан сулайды.Маман дезқұрал бар ыдыстан арнайы кілемге тұрады және бокс алдындағы бөлмеге шығады.

3. Обаға қарсы костюм элементтерін шешудің әрбір кезеңі алдында қолды өңдеу жүргізіледі.

4. Халаттың белдігінен сүлгі төменгі жағынан сыртқы бөлігі ішке қаратылып оралып, баяу және мұқият алынады. Сүлгі толығымен оралып, дезқұрал бар металл баққа салынады.

5. Костюмде алжапқыш болған жағдайда, оны сыртқы жағын ішке қаратып шешіп, дезқұралға салады немесе кәдеге жаратады.

6. Жұмыс кезінде қажет болса, жеңқап пен қолғаптың екінші жұбы шешіледі.

7. Қолды өңдегеннен кейін көзілдірік шешіледі – олалға, жоғары артқа және басқа жаққа қарай тартылады, бұл ретте беттің алдында жылжытуды болдырмау қажет. Көзілдірік ішкі жағынан бастап екі жағынан 70ºС спиртке батырылып сүртіледі.

8. Қолды өңдегеннен кейін масканың сыртқы жағымен бетке тимей, маска шешіледі. Маска сыртқы жағы ішке қарай оралып, беттен алынады. Маска дезқұрал бар жеке ыдысқа салынады.

9. Қолды өңдегеннен кейін халат шешіледі. Халат жағасындағы бау шешіледі. Алдын ала қолғап төмен түсіріліп, халат жеңдеріндегі баулар шешіледі. Халат баяу алынады, шешкен кезде қол иыққа айқастырып қойылады және халат біртіндеп тартылып алынады. Халаттың сыртқы бөлігі ішке оралады. Шешілген және аударылған халат оралады және дезқұрал бар металл бакқа салынады.

10. Қолды өңдегеннен кейін орамал алынып, алдын ала байламы шешіледі. Орамалдың ұштары қолмен жиналады және орамал біртіндеп сыртқы жағымен ішке оралады. Орамал желкеде бүктелген түрде жиналады, бет алдында жылжуды болдырмай, басқа жаққа қарай алынады.

11. Біртіндеп қолғап шешіледі (екеуі бір уақытта). Қолғаптарды шешу кезінде олар бұралады (қолғаптардың бүтіндігінің бұзылуына күдіктенген кезде оларды дезинфекциялық ерітіндіде (бірақ ауамен емес) тексереді).

12. Қолғап шешілгеннен кейін дезерітіндігесалынады және карнцангпен көтеріп, оларды дезерітіндімен толтыру арқылы қолғаптың бүтіндігі тексеріледі.

13. Қайта өңдеуден кейін қолдың қатысуынсыз етік шешіледі. Етікті шешкеннен кейін маман жұмыс киімінде (пижамада) қалып, бокс алды бөлмесінен «таза» үй-жайға шығады.

14. Қолантисептикпен немесе 70⁰С спиртпен өңделеді,сабынмен жылы суда жуылады.».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

№ ___ қаулысына

3-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

№ ___ қаулысына

10-қосымша

 

 

COVID-19-ға тестілеу алгоритмі

 

І. Иммуноферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммунохроматография әдісімен жедел тестілеу

 

1. Жалпы ережелер

  1.  Коронавирустық инфекцияға (КВИ, COVID-19) жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммуноферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммунохроматография әдісімен орындалады.
  2.   SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтауға арналған материал капилляр қанының сынамасы болып табылады.
  3. COVID-19-ға жедел тестілеуге жататын адамдар:

1) ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдар;

2) тыныс алу ағзаларының ауыр созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған науқастар;

3) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөтпе жолдары және темір жолда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кірген азаматтар эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;

4) қоронавирустың таралуынының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);

5) карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің  қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;

6) медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер;

7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

4. Жедел тестілеу үшін пациенттер сәйкестендіру деректерін, тіркеу жүйесінде денсаулық жағдайына шағымдарды көрсете отырып, ЭДСРО АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді немесе медицина қызметкері өз бетінше ЭДСРО АЖ-ға енгізеді.

5. ҚДСҰО АЖ-дан деректерді талдауды және өңдеуді жүргізеді және осы алгоритмнің 4-тармағын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін құрады.

6. Жедел тестілеу:

1) стационарда төсек жанында тестілеу кезінде  (POСT);

2) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;

3) жедел медициналық көмек бригадалары немесе мобильді бригадаларүйде;

4) арнайы палаткаларда немесе мобильді алу пункттерінде (СП немесе мобБАП);

5) авто және теміржол өткелдерінде (өткізу пункттерінде);

6) осы зерттеуді ғана орындайтын арнайы бөлінген және жарақтандырылған биоматериалдарды алу пункттерінде орындалады.

7. Медицина қызметкеріне өз бетінше тестілеуге рұқсат етіледі.

          8. Биоматериалдың сынамасын алуды оқытылған медицина қызметкері жеке қорғаныш құралдарын (медициналық маскалар, қалпақшалар, бір рет қолданылатын қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар немесе көзілдірік, таза, зарарсыздандырылмаған, бір рет қолданылатын ылғалға төзімді халат, бір рет қолданылатын ылғалға төзімді бахилалар) ЖҚҚ пайдалана отырып жүзеге асырады.

          9. Биоматериал сынамасын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құрал-саймандар мен материалдар:

1) капилляр қанын алуға арналған бір рет қолданылатын стерильді тамшуырды және буферлік ерітіндіні қамтитын экспресс-тест;

2) спиртті сулықтар;

3) бір рет қолданылатын скарификатор.

10. Ауысымда биоматериалды бірінші алу алдында БАП медперсоналы қолғаптардан басқа ЖҚҚ киеді, қолды бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді.

11. Әрбір биоматериал сынамаларын алу алдында медицина қызметкері қолдарын мұқият жуады, бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес таза бір рет қолданылатын  қолғаптар киеді, алуды ЖҚҚ-да жүзеге асырады.

2. Қан алу және жедел әдіспен тестті орындау

13. Қан алу алдында медицина қызметкері тестті орындауға қажетті құралдар мен материалдарды – скарификаторды, екі спирттік сулықты, тест жолақтарын, буферлік ерітіндіні дайындайды.

14. Тест-жолақтар қаптамадан алынады.

15. 4-ші саусақтың дистальды фалангасы спирттік сулықпен өңделеді.

16. Бір рет қолданылатын скарификатормен тесіледі, капилляр қанының үлгісі стерильді бір рет қолданылатын тамшуырдың (жиынтыққа кіретін) көмегімен алынады және экспресс-тест ұяшығына орналастырылады. Бұдан әрі осы ұяшыққа жиынтыққа кіретін буферлік ерітіндінің 2 тамшысы қосылады.

17. Спирттік сулықпен тесілген орын өңделеді,қажет болған жағдайда пациент қан кету толық тоқтағанға дейін оны тесу орнына қысып ұстайды.

18. Белгіленген экспозиция уақыты өткеннен кейін тестілеуді орындайтын адам нәтижені оқуды жүргізеді. Әдетте, экспозиция уақыты 15 минутты құрайды, бірақ бұл уақыттың қолданылатын тест-жүйелерге байланысты айрмасы болуы мүмкін.

19. Экспозиция уақыты таймермен белгіленеді. Экспозиция уақытын арттыруға жол берілмейді, өйткені бұл жағдайда нәтиже валидті болмауы мүмкін!

20. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері пайдаланылған скарификаторды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған ҚЖКҚ-на, пайдаланылған тест жолақтарды, тамшуырды, спирттік сулықтарды салады және пайдаланылған қолғаптарды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған сыйымдылыққа кәдеге жаратады.

21. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері жұмыс беткейлерін (үстел, орындықтар немесе кушеткалар және т.б.) дайын дезинфекциялық ерітінділермен ерітіндіні«вирустық инфекциялар кезінде» еріту режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып өңдейді.

22. Күніне 2 реттен кем емес дезинфекциялық ерітіндіні қолдана отырып, «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режиміне сәйкес үй-жайларды ылғалды жинау (үйге шығудан басқа) және белгіленген режимге сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдетеді.

23. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді, оларды «В» сыныпты қалдықтарға арналған сыйымдылыққа салады.

24. ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін медицина қызметкері қолдарын қол жуу алгоритміне сәйкес сабынмен жылы сумен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді.

25. Ауысым аяқталғаннан кейін үй-жайларда (автомобильді) «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялық ерітіндісін еріту режимімен және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізеді, кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут  желдетеді.

 

3.Нәтижені алу кезіндегі түсіндіру және әрекеттер

 

IgM теріс

IgG теріс

 

 

IgM оң

IgG оң.

IgM оң

IgG теріс

 

IgMтеріс

IgG оң

 

 

 

 

 

 

25. Зерттеу нәтижесін түсіндіру:

1) оң IgM – антиденелердің болуы, инфекцияның жіті кезеңі

2) оң IgG-антиденелердің болуы, ауырып сауыққан ауру

3) оң IgM және IgG - жіті сатыдан ауырып сауыққан инфекция жағдайына өту

4) оң C (бақылау) – реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже

5) С (бақылау) теріс– үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы. Нәтиже есепке алынбайды.

26. IgM жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген маман:

1) тестіленуші адамды ағымдағы COVID-19-ға күдіктің бар екендігі туралы хабардар етеді және қайтадан жедел тестілеу өткізеді;

2) IgM қайта оң нәтиже алған кезде медицина қызметкері экспресс-тест жүргізген медициналық ұйымның басшысы мен эпидемиолог дәрігерін науқас анықталғаны туралы үй-жайдан шықпай хабардар етеді;

3) дәрігер-эпидемиолог, ол болмаған жағдайда медициналық ұйымның басшысы оң нәтиже алған сәттен бастап 2 сағат ішінде ҚР ДСМ ТКҚСҚБД-не хабарлайды;

4) COVID-19-ға күдіктінауқасты провизорлық стационарға жатқызу мақсатындамедициналық ұйым басшысының өкімі бойынша «Коронавирустық инфекцияға күдікті пациент анықталды» нысаны бойынша (симптомдары мен экспресс-тест нәтижесі қысқаша баяндалады)жедел медициналық көмек қызметін – 103 тел.шақыру жүзеге асырылады;

5) науқасты эвакуациялағаннан кейін қорытынды дезинфекциялау типі бойынша дезинфекциялау жүргізіледі. Автомобильді өңдеу осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Барлық қызметкерлер ЖҚҚ-ны ауыстыруы тиіс;

6) провизорлық стационарда ПТР тестілеу жүргізіледі, оң нәтиже алған кезде науқас инфекциялық стационарға ауыстырылады, теріс нәтиже алған кезде үй карантиніне 14 күнге жіберіледі және қоңырау шалу арқылы (бейне қоңырау шалу мүмкін болған жағдайда) тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

27. IgG жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде:

1) жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зертханалық қызметкер тестілеу үшін биоматериал тапсырған тексерілген адамға ауырып сауыққан инфекцияны көрсететін антиденелердің болуына күдік бар екендігі туралы хабарлайды;

         2) медициналық ұйымның басшысы немесе дәрігер-эпидемиологы  ҚР ДСМ ТКҚСҚБД аумақтық департаментіне зерттеу нәтижесі туралы хабарлайды;

3) тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның учаскелік дәрігері пациентке үйде оқшаулау қажеттілігі туралы түсіндіреді және 14 күн бойы  бақылауды қамтамасыз етеді.

28. Теріс нәтиже алған кезде (IgM және IgG анықталмаған) тексерілген адамға COVID-19 болу ықтималдығы жоғары екендігі және профилактикалық шараларды сақтау қажеттігі туралы хабарланады.

29. Барлық нәтижелер міндетті түрде ЭДСРО АЖ-ның қосымшасында тіркеледі.

 

         ІІ. ПТР әдісімен тестілеу

1. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1) СОVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылған адамдар (респираторлық симптомдары; IgM оң жедел тесті бар);

2) ЖРВИ және пневмониямен емдеуге жатқызылған науқастар;

3) респираторлық белгілері (ЖРВИ, пневмония) бар емдеуге жатқызылмаған науқастар;

4)стационарға жатқызу алдында:

-COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттер;

-тыныс алу ағзаларының, эндокриндік жүйенің (қант диабеті, метаболикалық синдром), жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттер;

-жүкті әйелдер.

5)келіп түскен кезде және шығару алдында жақын байланысқа жатқызылған адамдар;

6) карантиндік стационарға орналастырылған, шет елден авиарейстермен келетін адамдар;

7) респираторлық симптомдары бар медицина қызметкерлері;

8) COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (карантиндік объектілер, провизорлық, инфекциялық стационарлар, ПТР диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері) 2 аптада 1 рет.

9) жедел жәрдем, МСАК, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері айына 1 рет және кейіннен клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;

10) тыныс алу ағзаларының ауыр созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған адамдар;

         11) байланыс фактісі анықталған жағдайда науқаспен ықтимал байланыста болғандар қатарындағы  адамдар;

12) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөтпе жолдарындағы және темір жолдағы Мемлекеттік шекараны өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;

13) коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және т. б.);

14) карантиндік аймақтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар қызметкерлері (коммуналдық қызмет, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көліктің, дезинфекция қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері және т. б.) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;

15) медициналық-әлеуметтік мекемелердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т. б.) қамқорлығындағы адамдар және қызметкерлері бір рет, кейіннен клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;

16) тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша.

2. COVID-19-ды анықтауға арналған материал аран пен мұрын жұтқыншақ бөліндісінің сынамасы, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, назалдық шайынды, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері жүзеге асырады.

4.Материалды алу кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5.Жағындылардың үлгілері пластикалық стерженде синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен алынады.

6.Бір науқастан вирустық көлік ортасы бар бір түтікшеге араннан және мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.

7.Пациенттен алынған үлгімен науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланысы туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдама бірге жүреді.

8.Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9.Пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11.COVID-19 тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және аумақтық ТКҚСҚБД-ке хабарлау жүргізіледі.

12.Оң нәтиже анықталған жағдайда аумақтық ТКҚСҚБД-ке шұғыл хабарлама ресімделеді.

13. Жекелеген жағдайлардаҚДСҰО-ның СЭСМҒПО филиалындакейіннен ТКҚСҚБД-кехабарлай отырып, көрсетілімдер бойынша референттік тестілеу немесе ДДСҰ валидирленген тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен үлгілерді қайта тестілеу жүргізіледі.

14. СОVID-19 зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ҚДСҰО-ның СЭСМҒПО филиалы зертханааралық салыстыру сынақтарын, оның ішінде ISO 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар», сондай-ақ ДДСҰ-ның сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарын басшылыққа алады.

15. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда диагностикалық тестілеуді пулға біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.

16. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында тұрғындар скринингі үшін диагностикалық тестілерді пулға біріктіруге 3-5 үлгіден артық емес өсіруарқылы  тестілеуді біріктіруге жол беріледі.

17. Зертханаларда халықтың скринингі кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейту қатаң түрде валидирленген әдістеме негізінде және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізіледі.

18. Диагностикалық тестілерді пулға біріктіругетек нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісі кезінде және нуклеин қышқылдарының автоматтандырылған экстракциясын сақтаған кезде ғана жол беріледі.

19.Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптарын, үлгілерді вортексирлеу және пулды 500 мкл көлемінде құру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдерін сақтай отырып жүргізіледі.

20. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгіге жеке диагностика жүргізіледі.».


2020-04-17 11:46:03

Сондай-ақ оқыңыз