Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету

 

       Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына; 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрықтарына сәйкес көрсетіледі.

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

2. Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

3. Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру.

Рұқсат беру құжаттарын қабылдау және беру «Е-лицензиялау» веб - порталы арқылы жүзеге асырылады.

      2015 жылдан бастап заңнамадағы өзгерістерге байланысты бұрын жоспарлы тексеруге жататын көптеген объектілер эпидемиялық тұрғыдан елеусіз санатқа өтті: олар 50 ш.м. дейінгі шағын дүкендер, 50 орындық қоғамдық тамақтану орындары, шаштараздар, ТҚТ, автотұрақтар, кеңселер.

      Аталған объектілер 2014 жылғы 16 мамырдағы«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңынасәйкес санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органды, яғни бізді хабардар етуге тиіс. Оларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу талап етілмейді. Е – лицензиялау веб – порталы арқылы электрондық нысанда хабардар етуге тиіс. Бізге хабарламас бұрын объектіні санитарлық нормаларға сәйкес келтіру қажет.

 


2020-03-26 09:54:25

Сондай-ақ оқыңыз