Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Қытай Халық Республикасындағы жаңа коронавируспен байланысты қолайсыз жағдайға байланысты, халық арасында жаңа коронавирус тудырған аурулардың пайда болуына және одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, қоғамдық тамақтану объектілерінің жеке кәсіпкерлеріне қоғамдық тамақтану объектілерінде келесі сақтық шараларды сақтауды ұсынады:


- жабайы және экзотикалық жануарлардың, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың және т. б. етіне негізделген әдеттегі рационға тән емес және экзотикалық тағамдарды дайындауға жол бермеуді;
- қызметкерлерге жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтауды;
-ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген, таңбалауы жоқ, шығу тегі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ (ветеринариялық куәлік/анықтама, сәйкестік туралы декларация және т. б.) ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің еттері мен субөнімдерін, теңіз өнімдерін өндірісте қабылдауға және пайдалануға жол бермеуді;
- тағамдарды дайындау технологиясын сақтауды, әсіресе ет, құс, жұмыртқа, теңіз өнімдерін тиісті термиялық өңдеуді қамтамасыз етуді;
- кездейсоқ адамдардан шикі ет пен сүтті сатып алмауды;
- қолдың тазалығын бақылауды, таза арнайы киім мен аяқ киім киюді, объектіден шыққан кезде және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешуді, жұмыс басталар алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен және ластанған заттармен жанасқаннан кейін қолды сабынмен жууды;
- қол жууға арналған раковиналарды қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүлгілермен және (немесе) электр сүлгілерімен жарақтандыуды (қызметкерлер үшін-өндірістік үй-жайларда);
- аурудың алғашқы белгілері болған кезінде емдеу ұйымдарына медициналық көмекке жүгінуді, өзін-өзі емдеуге жол бермеуді ұсынады.

 

 

 

 

 


2020-02-14 10:10:07

Сондай-ақ оқыңыз