Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы

 

       Павлодар облысында коронавирустың таралуының алдын алу бойынша жағдай бақылауда тұр.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары "Павлодар облысы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын"бекітуге дайындады. Облыстық Штаб құрылды.

         Қытай Халық Республикасында короновирус инфекциясының тіркелуіне орай және

халықтың жоғары көші-қоны жағдайлары, вирустық инфекцияларды тіркелулерінің маусымдық өсу жағдайында, сондай-ақ БМСК мамандарының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Павлодар облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен 28 қаңтарда "Коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу бойынша санитариялық - эпидемияға қарсы және санитариялық - профилактикалық іс-шаралар, сондай-ақ Павлодар облысы аумағында халыққа медициналық көмек көрсетуге медициналық ұйымдардың дайындығы туралы"тақырыбына облыстық оқыту семинары өтті.

     Қытай Халық Республикасындағы коронавирустық инфекция аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай мәселелері талқыланды. Коронавирустық инфекцияға аурушаңдықты (күдіктерді) тіркеу кезінде эпидемияға қарсы, алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша ақпарат берілді, сонымен қатар коронавирустық инфекцияның клиникасы, диагностикасы және емдеу, зертханалық диагностика мәселелері қаралды (215 адам қатысты).

    Жалпы облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда, вирусты инфекциялардың, соның ішінде коронавирустың алдын алу мақсатында жеке гигиена ережелерін сақтау және адамдар көп жиналатын жерден көп бармау, көп адамдар жерлерге барғанда  және ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану ұсынылады.

    Ең алдымен эпидемиологиялық қолайсыздықтар инфекциялық стационарға ЖРВИ белгілері бар 7 науқас, 05.02.2020 ж. жағдай бойынша барлығы стационардан шығарылды (6 ересек және 1 бала).

    Жұқпалы стационарға жатқызылған 429 адам  барлығы тұрғылықты жері бойынша емханалардың қадағалауында болады.

            Облыста коронавирус жағдайы тіркелген жоқ.

    Павлодар облысында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде ҚХР азаматтарын, сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан келген тұлғаларды тұрақты бақылау шаралары іске асырылуда.

     6 қаңтардан бастап облыс аумағына ҚХР-дан 442 адам, 441 ҚР азаматы, 1 ҚХР азаматы келді. Мониторингпен (қоңырау шалу) 438 (99%) қамтылды, 05.02.2020 ж., мониторингтен (14 күн өткеннен кейін) 331 адам алынып тасталды, 111 бақылауда тұр.

      Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың жұмысы күшейтілді.

05 ақпанда коронавирустық инфекцияға күдікті науқастарды ауруханаға жатқызу үшін облыста балалар ауруханасында - 230 төсек орын, ересек стационарда – 55 орын ашылды.   Барлық дәрілік заттар, дез бар.құралдар мен бір реттік медициналық бұйымдар, оның ішінде маскалар жеткілікті.

2020 жылдың 5 ақпанына маскалардың жалпы саны 32180 дана (оның ішінде 885 дана балаларға арналған маскалар және 31295 дана ересектерге арналған маскалар). Облыстың дәріханаларында 32180 дана, бір маска үшін орташа баға 22,35 теңгені құрайды.

    Сондай-ақ облыстың дәріханаларында қалдықты балаларға арналған 885 дана бір реттік маскалар бар, бір маска үшін орташа баға 21,00 теңгені құрайды.

 

 

 

 


2020-02-07 14:47:50

Сондай-ақ оқыңыз