Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құрметті кәсіпкерлер!

 

   Көптеген жаңадан бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ эпидемиялық маңызы бар объектілерді (сауда, қоғамдық тамақтану орындары, тамақ өнімдерін өндіру объектілері, сүт өңдеу, ет өңдеу, балық өңдеу, құс өңдеу, ұн тарту объектілері және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде көрсетілген басқа да объектілер) ашу кезінде өтілі бар кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700016119#z43 (Нұсқаулық үшін сілтеме) маңызды қажетті бөлшектер туралы ұмытады.

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - заң) сәйкес жеке және заңды тұлғалардың рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына рұқсат етілмейді.

   Рұқсатты жеке немесе заңды тұлғалар алулары тиіс және жарамды болуы қажет, жеке  немесе заңды тұлғалар хабарламаны заңмен рұқсат белгіленген мерзімде немесе хабарлама жасау тәртібі бойынша белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін жолдаулары тиіс.

Хабарламаны жолдамай тұрып объектіні санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіру қажет.

Ыңғайлық мақсатында объектіге рұқсат беру құжатын алу және хабарламаны жіберу үшін электрондық форматта өтініш беру алгоритмдері әзірленген.

 Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объект үшін рұқсат беру құжатын алу үшін электрондық форматта өтініш беру алгоритмі

1.ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба).

2. Порталда тіркеуден өту www.elicense.kz

3. "Денсаулық сақтау" бөліміне кіру - "рұқсаттар" - эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру. Жобаларға, өнімге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.

4.  Қызметке тапсырыс беру- (аумақтылығы бойынша Департаментті немесе аудандық басқарманы таңдайсыз), барлық тармақтарды толтыру (Сынақ хаттамасын тіркейсіз).

5. ЭЦҚ қол қою.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-10 (он) жұмыс күні.

 Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу үшін алгоритм

1. ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба).

2. Порталда тіркелу www.elicense.kz

3. "Денсаулық сақтау" бөліміне кіру - хабарлау тәртібі - эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің (пайдаланудың) басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.

4. Қызметке онлайн тапсырыс беру (аумақтылығы бойынша аудандық басқарманы таңдайсыз).

5. Хабарламада объект туралы қажетті ақпаратты көрсету, жұлдызшалары бар барлық бағандарды толтырыңыз (*).

6. Жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсету (мысалы: лаваш сататын сауда орны).

7. Хабарламаға электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою (хабарлама мен талонды жүктеу).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2019-10-30 10:18:42

Сондай-ақ оқыңыз