Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Туляремия және оның алдын алу

 

Туляремия — зооантропонозды, табиғи-ошақты инфекция,  ол лимфалық түйіндерді, тері қабыршықтарын, кейде көзді, жұтқыншақ пен өкпені зақымдайды,  анық  интоксикациямен жүреді.

Инфекцияның негізгі көзі болып  кеміргіштер есептеледі  (ондатр, егеуқұйрық, тышқандар, суырлар, қояндар). Ауру малға жақындап, денесін бөлшектегенде көбіне аңшылар, фермерлер, тері дайындаушылар, қасапшылар жжұқтырады.

Туляремияны таратушыларға  қансорғыш жәндіктер жатады, қоздырғыш зақымдалмаған тері мен өкпе арқылы да жұғады  — шаң жұтқан кезде, сапасыз әзірленген тағам мен лай суды пайдаланғанда жаппай жұқтыру мүмкін, сондықтан да  туляремия ықтимал биологиялық қару ретінде пайдаланылады. Ауру адам қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, алайда адамдардың бұл инфекцияны қабылдау дәрежесі өте жоғары.

Симтомдары.Инкубациялық кезек —1 ден 30 тәулікке дейін  (көбіне  3-7 күн). Ауру көбіне жедел басталады, қалтырау, лоқсу пайда болады,  дене температурасы бірден жоғарылайды (39-40°С), бет пен мойын терісі қызарады, коньюнктивит түтікшесі қанға толады. Бөрту пайда болады, 8-12-күнінде қабыршақтанады, онан соң теріде пигмент қалады.

Туляремияны алғашқы күндері диагностикалау қиынға түседі. Дәрігерге кеміргіштермен қатынаста болуды ескерту жәйті көмектеседі.  Туляремия инфекциондық  стационарда емделеді. Сәйкес ем болмағанда  6% өлімге әкеледі, өлім  инфекцияның генерализациянуы салдарынан орын алады. Туляремиямен ауырып өткен адамда өмір бойғы  иммунитет болады.

Туляремияның алдын алуда негізгі мәнге ие:

- бұл қоздырғыш бойынша эндемиялық аудандарда тамақтану ауыл шаруашылығы мекемелерінің  санитарлы-гигиеналық жағдайлары  дератизация мен дезинсекция;

- қорғанудың жеке шаралары: жабайы жануарлар аулағанда (терісін шешу, мүшелеу), дератизация (уланған кеміргіштерді жинағанда) – қолға қолғап кию, немесе жануармен қатынастан соң мұқият зарарасыздандыру,  сенімсіз көзден аранйы өңдеусіз суды ішпеу;

- туляремияның арнайы алдын алу жұмыстары тірі туляремиялық вакцинамен  эндемиялық аудандарда тұрғындарды вакцинациялау болып табылады. Иммунитет 5 және одан көп жылдарға  (жеті жылға дейін) қалыптасады. Ревакцинация 5 жылдан соң.

- шұғыл алдын алу  антибиотиктерді тамырішілік енгізумен жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 


2019-08-15 09:07:48

Сондай-ақ оқыңыз