Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Лептоспироз және оның алдын алу.

 

Лептоспироз дегеніміз не?Лептоспироз – бұл жіті инфекциялық ауру, лептоспира тегіндегі бактерия болып табылады (Leptospira). Инфекция көзі мен тасымалдаушылары  егеуқұйрықтар, тышқандар, суырлар, ірі қара мал, иттер, шошқалар, аттар болып табылады.

Лептоспироз қалай жұғады?Лептоспироз зақымдалған шырышы қабаттар мен тері, тұрып қалған су қоймаларында шомылғанда, табиғи көздердің шикі суын, шикі ет жеп, сүт  ішкенде, дымқыл топырақты ұстағанда, және де инфекция жұққан малды сойғанда жұғады. Сонымен қатар, адамнан адамға  лептоспироз жұқпайды.

Инкубациялық кезеңі 4 тен 14 күнге дейін (көбіне 7 - 9 күн). Лептоспироздың екі негізгі формасы бар  - сарғышсыз және сарғыштық,  соңғысы қауіпті болып есептеледі.

Симптомдары. Ауру көбіне жедел басталады. Қалтырау пайда болады,  дене температурасы бірден жоғарылайды (39-40°С), көздер қызарады, бірақ  коньюнктивит белгілерінсіз (көзде басқа затты сезіну т.б.), қатты бас ауруы, ұйқысыздық, тәбеттің болмауы, шөлдеу. Бұлшықеттер ауыруы белгілері тән, әсіресе,  балтыр бұлшықеттерінде және  сан еті мен  бел жанында. Бұлшықет ауруы тері ауруымен қатар жүреді. Аурудың  ауыр формасында бұлшықеттердің ауыруы кезінде адам жүруге де қауқарсыз болып қалады.

Емдеу. Лептоспироз ауруының белгілері туындаса бірден дәрігерге қаралу керек. Терапияның негізгі әдістеріне  антибиотиктерді тағайындау мен  арнайы иммуноглобулинді енгізу жатады.

Алдын алу.  Лептоспироздың алдын алуда:

- ауыл шаруашылығы мен үй жануарларын арнайы вакцинациялау;

- тұрып қалған су әсіресе, таязсуқоймаларында, арықтарда,  суару арналарында балаларға шомылуға тыйым салу;

-  жермен жұмыс істегенде резеңке етік пен қолғап кию;

- ашық суқоймаларынан су ішпеу;

- азық-түлікті кеміргіштерден сақтау.


2019-08-15 09:06:35

Сондай-ақ оқыңыз