Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Жұмсақ балмұздақ – нені білген жөн»

«Жұмсақ балмұздақ – нені білген жөн»

       Балмұздақ – адамның жасына қарамастан, барлық адамдардың қалап жейтін тәттісі. Бірақ, оның  денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін бе?

Бұл көпшіліктің сүйіп, рахаттанып жейтін тәттісі, ал ыстық күндері оны тұтынушылар арта түседі. Дәл осы кезенде бұл өнімнен улану оқиғалары да  жиірек кездеседі. Неге балмұздақпен  уланады және оның алғашқы белгілері қандай?

       Әдетте, жұмсақ балмұздақты дүңгіршектер мен дүкеншелерде сатады, ал ондай дүңгіршектер жеңіл-желпі құрылмалардан жасалатыны өздеріңізге белгілі. Жазғы уақытта оның іші ысып  кетеді, жұмсақ балмұздақты дайындау үшін ешқандай  жағдай жоқ,  су да жүргізілмейді. Осындай орындардағы сатушылардың салақ түрлері мен арнайы киімінің жоқтығын көрсеңіз, онда  оларда жұмыс істеуге рұқсат берілген медициналық кітапшаларының  болуы да екі талай, жұмсақ балмұздақты шығаратын автомат құрылғылары лас болған жағдайда, бұл жерден балмұздақ сатып алудан бас тартыңыз.

       Сатушылар үшін қарапайым ережелері: объектіні тазалықта ұстау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар тауарды ғана қабылдау, жарамдылық мерзімін, сақтау және өткізу шарттарын сақтау, тамақ өнімдерін ластанудан қорғау, таза арнайы киімді кию,  жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау және медициналық қарап-тексеруден өткені туралы белгісі бар медициналық кітапшаларының өзінде болуы.

       Балмұздақты қалай таңдау керек? Балмұздақтың түсі бірқалыпты, қоюлығы біркелкі болу керек, тістегенде қатты түйіршіктер, мұздың ұйындылары мен кристаллдары сезілмеуі, иісі мен дәмі жағымды болуы керек,  темірдің дәмі, ашыған майдың дәмі сезілсе, онда бұл жаман белгі, өнімді тастау керек.  Егер де өнім глазурде болса, ол тиянақты жағылған,  зақымдалмаған, глазурдің аққан ізі және ақ зеңдердің басуы жоқ болуы тиіс.  Бірінші кезекте қаптамасы мен жарамдылық мерзіміне назар аударған жөн.

Ашық «стаканчиктағы» балмұздақты алмай, жеке қаптамадағы балмұздақты алғандарыңыз  дұрыс. Ашық «стаканчиктерге» бактериялар оңай енеді, өйткені балмұздақ сүт өнімдеріне жататындықтан,  белгілі жағдайларда оларда улануға соқтыратын бактериялар жеңіл және тез өсіп-өнеді.  Уланудың  белгілері бас ауру, дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, лоқсу, құсу, іш өту, іштің ауруы, т.б.. Егер де сіз өз халіңіздің  нашарлағанын және жоғарыда аталған белгілерді сезінсеңіз, онда міндетті түрде дәрігерлік көмекке жүгінінуіңіз керек, үйде емделудің қажеті жоқ. Сырқаттанудың ауырлығына қарамастан  бактериологиялық тексеруден өту қажет, өйткені халіңіздің жақсаруы 100% сауыққанды білдірмейді, бактерия тасымалдаушы болу қаупі тағы бар. Ал, бұл жағдай Сіздің жақындарыңызға ғана зиян келтірмей, Сізді қоршаған басқа да адамдарға қатерлі болуы мүмкін.

Сіздің және Сіздің балаларыңыздың денсаулығы өзіңіздің қолынызда. Осыны естен шығармаңыз.


2019-05-27 15:24:17

Сондай-ақ оқыңыз