Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ана тілім – алтын тұмарым

Ана тілім – алтын тұмарым

 

   Ана тілім – асыл қазынам. Ана тілім – ардағым жүрегім, қаным. Тілің – тегің, жаның. Тіл – ұлт айнасы. Ана сүтімен бойына дарып, жарық дүниеге келген əр ұрпақ осылай деп ұғар. Осы  нысымен мақтанар – ұлтының ер жетер азаматы, ел болар халқы. Жасап кеткен аталарымыз жері, суы, діні мен тілі үшін қырқысып, керек десе жанын қиып, елін қорғады емес пе? Ата көрген оқ жонар» демекші, сол аталар қорғаған дəстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, шық жұққызбай, ұлт намысын ту ғып ұстап келе жатқан əр ұлттың жанашыр саналы азаматтары екені белгілі. Ал, өмір ағысымен ығып, «сен тимесең, мен тимейін бадырақ көз» демекші, өзге ұлт шылауыңда кетіп, өз ұлттық келбетін жоғалтып алған халық аз емес. Оған тарих куə. ... Ана тілі - жүректің терең сырларын, басынан кешкен дəуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына. Сондықтан да біздің ана тіліміз  халық болып қалыптасқаннан бері жасап келе жатқан жан дүниеміздің айнасы, өсіп өніп, түрлене беретін мəңгі құрымайтын бəйтерек болып қалмақ...», - деп Жүсіпбек Аймауытов атап өткен.

     Шынында да, тіл - адам қоғамының туындыларының ішіндегі асылдардың асылы, қымбаттың қымбаты, адамды адам еткен ұлы күштердің бірі. Ол қоғам тарихының барлық дəуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мəдениетінің тұтқасы болып келеді.

      Тіл – адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мəдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде қазақ тілі де, халықтың барлық іс-əрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан, оның мəдениетін жоғары сатыға көтеру - əрбіріміздің борышымыз. Тілді қастерлеу - əрбір қазақстандықтың міндеті. Тіл жай сөз емес, ол өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сəйкес өрістей түскен, толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тіл байлығы - əрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының          мемлекеттік тілі. Н.Назарбаев өз Жолдауында: «Ұлттық тіл – қазақтың рухани мəдени байлығы, баға жетпес құндылығы». Тіл ұлттық болашаққа жеткізетін құрал. Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді. Қазақ тілі – өте бай тіл. Қазіргі қазақ тілі – сөздік жағынан байыған, грамматикалық құрылысы барынша дамыған. Халық тілінің мол байлығын жазба əдебиетімізде бірінші рет мазмұнын байыта отырып пайдаланған адам – Абай Құнанбаев. Тіл - ұлттың жаны. Əр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: «Өнер алды – қызыл тіл». «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады». «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мəн бергенін көрсетеді. Ана тілі халық боп жасағаннан бері жандүниеміздің айнасы, өсіп өніп түрлене беретін, мəңгі құламайтын бəйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген əрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлығы сұйыла түскен. Көп ұлттылық пен көптілділік осы құндылықтардың бірі жəне біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады. Қазақ тілі біздің Конституциямызға сəйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының əрбір адамзатының парызы» деген. Ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. «Тіл – біздің тұтастығымыз», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп те айтып жүрміз. Сондықтан əр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білімі»,- деп жазушы М. Əуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры –ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілі-мізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту, деген екен Бауыржан Момышұлы. Сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мəртебесін көтере білейік!


2019-05-13 11:05:06

Сондай-ақ оқыңыз