Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Фортифицирленген ұн - темір тапшылығы анемиясының алдын алудың негізі.

Фортифицирленген ұн - темір тапшылығы анемиясының алдын алудың негізі.

     Анемия дұрыс тамақтанбау мен нашар денсаулықтың көрсеткіші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде екі миллиард адам анемияға ұшыраған, соның ішінде 50% теміртапшылығымен байланысты.

     Анемия – қызыл қан жасушыларында гемоглобиннің төменгі концентрациясымен және олардың организмдегі мөлшерінің азаюымен сипатталатын жағдай. Қазіргі таңда теміртапшылық анемиясының (ТТА) негізгі себептерінде –алиментарлық жетіспеушілік, яғни тағамдағы темір, фолий қышқылы, В (тиамин- В1,  рибофлавин- В2, пиридоксин -В6) тобы дәрумендерінің тапшылығы. Теміртапшылық анемиясының дамуында тамақтану факторы халықтың сезімтал топтары үшін (балалар, жүкті және емізетін әйелдер) айрықша маңызды болып табылады.

    ТТА мәселесін шешудің  негізгі стратегиясының бірі -халықтың жиі қолданатын азығын, яғни ұнды дәруменді-минералды қоспалармен байыту.

Бидай мен қарабидай кең таралған дәнді дақыл, олар В1, В2, В6, Е дәрумендері, ниацин, темір, мырыштың көзі. Бірақ, дәннің ұнға өңделуі, ұннан нан-тоқаш және басқа да бұйымдарды пісіру немесе технологиялық өңдеу дәрумендер мен минералдардың едәуір жоғалуына әкеледі.  Микронутриенттердің үлкен бөлігі сыртқы қабығы мен дәннің ұрығында болғандықтан, негізгі олардың шығындалуы ұнды тарту процессіне тиесілі. Біздің елдің халқы ақ ұнның нанын ұнатады, ал оның өндірілуінде ұнның кебегімен дәрумендер мен минералдардың үлкен бөлігі жойылады.  Жоғары сұрып ұн өндірісінде, кебектермен 75-90%  микронутриенттер жоғалады. Темірдің құрамы 4 есе, оның қорытылуына қажетті микроэлементтер  (мыс- 3 есе, мырыш - 35 есе, магний- 3,7 есе, марганец – 3,8 есе) де күрт төмендейді. Жоғары тазартылған ұнда  В1 дәрумені 9 есе, В2  -2 есе, ниацин -6,8  есе қарабидай ұнынан (тартылған, бірақ еленбеген ұн) аз болады.   Дәнді өңдеу кезіндегі шығынды дәруменді –минералды қоспалармен толықтыру, демек адам ағзасын қажетті заттектермен қамтамасыз ету.

     Қазақстан аумағындағы сауда айналымындағы жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны 2009 жылдан бері міндетті түрде дәрумендер мен минералдармен байытылуы (фортификациялау) тиіс  (ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 160 бабы).

 

Өз денсаулығыңыз- Өз қолыңызда!


2019-04-30 15:58:03

Сондай-ақ оқыңыз