Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жолдары

Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жолдары

 

     Жіті ішек инфекциясы - ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. Жіті ішек инфекциясының қоздырғыштары сыртқы ортаға өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда, сондай-ақ қасық, тәрелке, есіктің тұтқасы, ойыншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда, сүтте, сүт өнімдерінде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.

Жіті ішек инфекцияларының қоздырғыштары адам ағзасына қалай түседі?

Біріншіден, лас қол, лас су және микроб түскен азық-түлік, жуылмаған жеміс-жидектер, науқас пайдаланған заттар арқылы (ыдыс, киім-кешек, төсек-орын, жеке басының құралдары) жұғады.

Құрамында қоздырғышы бар, қайнатылмаған тағамдарды пайдалану арқылы (сүт және сүт тағамдары, салаттар, паштет, тоңба (холодец)) жаппай дизентерия ауруына ұшыраулары мүмкін.

Жіті ішек ауруымен ауырған науқасты күту кезінде және ластанған сумен қол жуғанда, жеке басының тазалығын сақтамағанда қолға қоздырғыш қонады.

Қазіргі уақытта ішек ауруларының көбі тағаммен байланысты және де олардың саны жаз-күз мезгілдерінде артады, себебі бұл уақыттарда жеміс-жидектер көп қолданылады.

Бұл аурулардың тарауына шыбын-шіркейлер үлкен әсерін тигізеді олар дизентерия, сүзек, қылау қоздырғыштарын тасымалдайды.

Негізгі белгілері:

-Іштің ауыруы;

-Құсу, іш өту;

-Дене қызуының көтерілуі;

-Әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.

Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады,соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып, жүректің, тамырлардың, бүйректің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек?

Осы аурумен ауырған науқастарды және бұл ауру болуы мүмкін деген күдік бар науқастарды уақтылы ауруханаға жатқызу - ең маңызды шаралардың бірі.

Үйде емдеу, не стационарда емдеу керектігін дәрігер шешеді.Үйде емделген кезде жеке бастың тазалығын қатаң сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, көпшілікке жұқтырмаудың амалдарын қарастыру керек.

Өз-өзіңізді емдеуден аулақ болыңыз! Тек дәрігер ғана дұрыс диагноз қоя алады және қолайсыз жағдай тудырмаудың жолын біледі, тек дәрігер ғана дұрыс емдеу жолын қарастырып, емдеу сызбасын жасайды.

Ең бастысы, үнемі қайнаған су ішуді ұмытпау керек!

Жіті ішек ауруларының алды алуда тұрғылықты жерлерді, үй маңын жоспарлы түрде тазартып отыру маңызды рөл атқарады.

Жеке бас тазалығының ережелерін сақтау, ас дайындар, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін қолды өте мұқият тазартып жуу.

Әсіресе тез бұзылатын кондитер өнімдерін, әр түрлі салаттарды, азық-түліктерді дұрыс  сақтау,   жеміс-жидектерді пайдаланар алдында тазартып жуу және қайнаған сумен шаю, шыбындарды жою – жіті ішек ауруларының алдын алудың негізгі шарттары.

Есіңізде болсын! Тамақты өңдеу, тасымалдау, сақтау ережелерін және жеке бас тазалығын сақтасаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды жіті ішек инфекциясы ауруларынан қорғай аласыз!


2019-04-30 15:54:53

Сондай-ақ оқыңыз