Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Әлеуметтік желілердегі тағам, оның зияны

«Әлеуметтік желілердегі тағам, оның зияны»

       Әлеуметтік желілердегі тағамға тапсырыс бере отырып, біз қандай тәуекелге барамыз?

      Тағам дайындау процесі ерекше білім мен дағдыларды талап етеді. Барлығымыз білеміз, сапасыз тағам өнімдерін пайдаланып, біз организмімізге зиян келтіруіміз мүмкін. Өкінішке орай, көпшілікке тамақты үй жағдайында дайындалған әлеуметтік желілерден тапсырыс беру әдетке айналған (торттар, тәтті нандар, суши, чебурек, нан-тоқаш өнімдері және басқалары), өйткені  бұл ыңғайлы және кафеден немесе мейрамханадан қарағанда әлдеқайда арзан.

    Әлеуметтік желілірден тағамға тапсырыс берер алдына, оны қайда, қалай және кім дайындайтынын ойлаңыз. Мүмкін өнімді лас үй-жайда, дайындауға қажет қарапайым жағдайлар жоқ, шикі және дайын өнімдер үшін мүмкін бір ыдыс, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер пайдаланады және т.б. Ал тамақты дайындайтын адам бактериятасушы болуы немесе жұқпалы аурулармен науқастанып, сізе және сіздің балаларыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өйткені бұл сізде орын алмауына ешқандай кепілдік жоқ.

   Сіздің және сіздің балаларыңыздың денсаулығымен тәуекел етуге тұра ма? Егер сіз ауырып қалсаңыз және оған желі арқылы тапсырыс берілген тағам себеп болса, әлеуметтік желідегі белгісіз тұлға жауапкершілікке тартыла ала ма?

   Ендеше белгісіз үй жағдайында дайындалған әлеуметтік желілердегі тағамға бірге «жоқ» айтайық!


2019-04-30 15:53:56

Сондай-ақ оқыңыз