Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Рамазан айында дұрыс тамақтану

«Рамазан айында дұрыс тамақтану»

Жақын арада  қасиетті Рамазан айы да басталады. Дәстүрге сәйкес ораза уақытында күндізгі тамақтан, судан толығымен бас тарту тек  рухани ғана емес, физикалық  жағынан да үлкен сынақ. Ашығу созылмалы сырқатпен ауыратындарды айтпағанда,  сау организмнің өзінде күйзеліске ұшыратады. Ағзаға өмір сүруге қажетті ас болатын заттардың түсуі тоқтайтынын түсіну керек. Созылмалы аурулары бар адамдарға бұл кесірін тигізуі де мүмкін.

 Қасиетті Рамазан айында тағам мәселесі үлкен орын алады. Тағамды, суды пайдалануды бастау және оны  аяқтау сіздің көңіл-күйіңізге тікелей  әсер етуі мүмкін.  Бүгінгі күн жеңіл өте ма?  Әлде, оған қарсы сізді аштық, шөл, әлсіздік пен бас ауруы қинайма? 

Бірнеше қарапайым ережелерге сүйене  отырып, сіз ораза айын жаңынызға жайлы жасай аласыз.

Оразаның ұзақ болуына қарай, сәресіне (таңертеңгі ас) қорытылуына 8 сағат кететін жәймен сіңетін  тағамдарды пайдалану қажет. Бұл тағамдардың қатарына ішінде кебегі бар тұтас бидайдың тұқымы, дән, көкөністер, жасыл бұршақ,  бұршақ, бұрыш, жүгері, асқабақ, саумалдық және басқа да көктер (қызылшаның жапырағы темірге бай), жемістердің  қабығы, кепкен жемістер, кептірілген өрік, інжір, қара өрік, бадам және басқалары (яғни ішінде күрделі көмірсутегі бардың бәрі) жатады.   

Ауызашар (кешкі тамақ ішу) тез сіңетін болуы тиіс, алдымен құрмамен, не болмаса басқа жемістермен  ашу және жеткілікті мөлшерде су ішу керек. Құрма – қант, клетчатка,  көмірсутегі, калий және магнийдің негізі,  миндаль – протеин мен құрамында майы аз  талшықты заттардың негізі, банан - калий, магний және көмірсутегінің негізі. Бұдан  кейін тез қорытылатын тағамды жеу керек: көкөністер, салаттар, жеңіл сорпалар.

Майлы және қуырылған, ішінде шамадан тыс қанты бар  тағамдарды пайдаланбаңыздар. Бұндай тағамдар қорытылмай, асқазанды қыжылдатып, дене салмағына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тұзды аз қабылдаңыздар, оның мөлшерден тыс  болуы сұйықтықтың организмнен шығуын қиындатып, қан тамырлары жолдарын бітеуге әкеледі. Нәтижесінде ісік пайда болып, артығы қорланып, тұздың жиналуына әкеледі.

Негізі тамақ толыққанды, әртүрлі, мейлінше қарапайым болуы керек. Оған тағам өнімдерінің әр түрлі топтары кіруі тиіс: көкөністер, жемістер, ет, құс, балық, астық және сүт өнімдері. Күндіз кеткен сұйықтықтың орнын толтыру үшін көбірек су ішіңіздер, оның жетіспеушілігі  бүкіл ағзаға қауіпті. Түнде организм толығымен, ал асқазан жүйесінің бөлігі демалу керек, тағамды асықпай тұтынып, шамадан тыс тойып алғаннан қашу керек,  сонымен қатар, тамақты қабылдағаннан кейін бірден ұйқыға жата қалмаңыз. Бұл дұрыс тамақтанудың ережесінің негізі.

Балаларға, сонымен қатар жүкті және бала емізетін әйелдерге анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ораза ұстану қарсы көрсетілген.


2019-04-30 15:51:47

Сондай-ақ оқыңыз