Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

    ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ хабарлайды
Қазақстан республикасының 2018 жылғы 5 қазандағы №184-VІ ҚР Заңымен (ары-қарай Заң) Қазақстан республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау сұрақтары аясындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.

Заңның 1-бабы 6-тармағы 21) тармақшасына сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425 бабына айыппұлдар сомасының көбеюі бойынша келесі өзгерістер енгізілді:

-         бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

-         екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді."

    Осыған орай, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттерде көзделген барлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.


2019-04-24 10:55:08

Сондай-ақ оқыңыз