Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Вакцина жасату - полиомиелиттен сақтанудың сенімді жолы

 

 

Полиомиелит - жіті жұқпалы ауру, орталық жүйке жүйесін, алдымен жұлынды зақымдап, адам сал ауруына шалдығады. Полиомелит ауруы барлық  бұлшық еттерді зақымдайды, бірақ көбінесе адам аяқтары шалдығады.        

  •  Тыныс алу жолдары қызметінің бұзылғандығынан полиомелит індетінен 5-25% науқас қайтыс болады.
  • Омыртқа мен аяқ-қолдарының сал болып ауруы өмір бойы мүгедектікке әкеп соқтырады.        
  • Полиомиелит ауыр вирустық аурулар қатарына жатады. Көбінесе оған балалар және полиомиелит екпесін алмағандар шалдығады.
  •  XX ғасырдың  ортасында  Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде аурудың өршуі ұлттық апат ретінде  сипатталады.
  •  Полиомиелитті ескертетін вакциналарды енгізу,  аурудың тез төмендеуіне, ал көптеген аймақтарда – оның толығымен жойылып кетуіне жол ашты.
  • 1961 жылы аурушаңдық  22.000  жағдайдан 4.000 жағдайға дейін кеміді, ал 1962 жылдан бастап жылына 100 – 150 аз жағдайлар тіркелген.
  • 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиімді вакцинаның көмегімен әлемдегі полиомиелитті жою бағдарламасын қабылдады. 
  • 2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі 51 елдің ішінде Қазақстанды  полиомиелиттен  сау аймақ деп жариялаған. Бұл, әрине балаларға полиомиелит екпесін жасау нәтижесінде қол жеткізілді. Бірақ 2 елде ( Нигерия, Пәкістан) бүгінгі күнге дейін осы жұқпа тіркеліп келеді. Демек, полиомиелиттің біздің елге келу қаупі сейілмей отыр. Сондықтан да біз балаларымызға екпе жасатып отыруымыз керек. Полиомиелитті емдеудің өзгеше түрі жоқ.
  • Тұрғындар арасында полиомиелитті жұқтырмаудың тиімді және қауіпсіз түрі өз уақытында полиомиелитке қарсы вакцинация жасату (төзімділік) болып табылады.
  • Біздің елімізде екпе жүргізу мерзімдері ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысымен бекітілген. Алғашқы үш екпе вакцинация жүргізу күнтізбесі бойынша 2 айлық балаларға, сосын 3 айлық және 4 айлық балаларға жүргізеді. Ревакцинация (қайта егу)  балаларға 12 айында  (1 жаста) және 18 айда (1,5 жаста) жүргізіледі.     
  • Вакцинаның 2 түрі қолданылады: тамшы түріндегі (ауызға 2 тамшы тамызады) және инъекция түріндегі вакцина.
  • Вакциналар ДДСҰ-мен сертификатталған, тиімді және қауіпсіз.         

 

«Алдын алу. Қорғау. Иммундау!»


2019-04-24 10:50:09

Сондай-ақ оқыңыз