Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сальмонеллездің алдын алу

Сальмонеллездің алдын алу

      Сальмонеллез ауыр жұқпалы аурулардың бірі болып табылады және сальмонелла деп аталатын микроорганизмдерден туындайды. Қазіргі уақытта сальмонеллалардың 2000-нан астам нұсқалары белгілі. Сальмонеллезбен адамдар да, жануарлар да (ірі қара мал мен ұсақ мүйізді мал, шошқалар, жылқылар, мысықтар, иттер, егеуқұйрықтар, балықтар, құстар және т.б.) зақымданады. Сальмонелла жұқтырған науқас жануарлардың бұлшық еттерінде, сүттерінде болады және олар құстардың жұмыртқаларына, балықтардың уылдырықтарына енеді. Сондықтан мәжбүрлі сойылған, әсіресе үй ауласында сойылған малдардың етін, ет өнімдерін пайдаланда адамдардың жаппай ауыруының көп жағдайлары таныс. Малды үй ауласында сою кезінде ет пен сау жануарлардың сою және етті одан кейінгі өңдеу кезінде ішектегі қоздырғыштармен зақымдану мүмкіндіктері зор екенін айта кеткен жөн.

Ет және ет өнімдері қоздырғыштардың сақталуы мен көбеюі үшін ең қолайлы орта болып табылады. Етке түскен сальмонеллалар еттің бетінде көбейіп қана қоймай, сондай-ақ қолайлы жағдайларда оның ішіне өтіп кетеді. Ет өнімдерінің ішінде  ең қауіптісі тез бұзылатын шұжық өнімдері (бауыр), іркілдек, тартылған еттен жасалған). Сальмонеллалармен құс еті мен жұмыртқалары ластануы мүмкін.Ластанған сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді (торт), салаттар, гарнирлерді тамаққа қолданғаннан кейін ауру туындаған жағдайлар мәлім. Кейде сальмонеллез және басқа ішек жұқпалары жерді лас қалдықтармен тыңайтқан кезде жеміс-жидектер арқылы беріледі. Азық-түлік өнімдерінде сальмонеллалардың көбеюі кезінде улы заттар өнімінің-токсиндердің бөлінуі тағамның дәмдік қасиеттеріне әсерін тигізбейді, түсін, иісін өзгертпейді. Ластанған азық-түлікті жегеннен соң әдетте 6-48 сағаттан кейін  аурудың клиникалық белгілері туындайды.

Жұқпа суда жүзетін құстар бар тоғандарда шомылу, соның ішінде ластанған суды жұтқанда жұғады. Сонымен қатар, қоздырғыш лас қолмен, ойыншықтармен, емізік арқылы ауызға енуі мүмкін. Осындай жұқтыру жолы көбінесе жас балалар ауырғанда кездеседі.

Отбасында науқас немесе бактерия тасымалдаушы (клиникалық белгілері жоқ, бірақ ол қоршаған ортаға қоздырғыштарды бөледі) болған кезде ауруды жұқтырудың қауіпі зор. Әсіресе басқаларға ауру симптомынсыз науқастар аса қауіпті. Мұндай науқастар, өздерін сау санап, тамақ әзірлегенде және балалар күтімінде жүргенде дәретханадан кейін қолдарын дұрыс жумай айналасындағыларға белсенді жұқтыруы мүмкін.

Сондай-ақ, шыбындар ішек инфекцияларын тасымалдаушылар болып табылады. Олар дәретханалардан, қоқыс контейнерлерінен үйге ұшып, азық-түлікке, ыдыс-аяққа қонып микробтарды таратады,  шыбындардың аяқтарында және ішектерінде микробтар 3 күнге дейін өміршеңдігін сақтайды. Біз шыбындардың тұрғын үйлерге енуіне жол бермеуіміз қажет. Жұқпаны сондай-ақ тарақандар мен құмырсқалар, кеміргіштер (егеуқұйрықтар, тышқандар) тасымалдауы мүмкін.

Әдетте, ауру жедел басталады: іштің өтуі, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, дене қызуы көтеріледі.

Ауру белгілері білінгеннен бірден медициналық көмекке жүгіну керек, өз бетімен емделуге болмайды. Әйтпесе, жедел түрі аурудың созылмалы түріне өтіп кетеді, асқазан-ішек және бауырдың ауруларымен асқынуы мүмкін.

 

Жіті ішек инфекцияларынан қорғану үшін, өздерінің де, балаларының гигиеналық дағдыларын дарыту қажет, ол үшін: тырнақ тазалығын қадағалап, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін, көшеге шыққаннан кейін қолды жуу, жеке тіс щеткасын, ыдыс, тұрмыстық заттарды пайдаланыңыз. Азық-түліктерді жабық ыдыстарда, тез бұзылатындарды – тоңазытқышта сақтап, жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді пайдаланбаңыз. Бітеу жұмыртқаны су, қайнағаннан кейін кем дегенде 10 минут пісіру керек, қуырғанда екі жағын мұқият қуыру, сұйық қуырылған жұмыртқаны, шала піскен жұмыртқаны жемеңіз.Көкөністер мен жеміс-жидекдерді мұқият сумен жуу, сүтті қайнату қажет. Үй, аулалар мен көшелер тазалығын сақтап, шыбындармен күресу керек. Қала сыртына шыққанда кездейсоқ су көздерінен суды ішуге, ыдысты жууға  болмайды. Кішкентай баланы күткенде балалар тағамын (және т.б. жемістер мен көкөністер үшін үккіш) дайындау үшін жеке ыдысты бөлу, емізік және емізік бөтелкесін қайнату, ойыншықтарды сабынмен жуу керек. Әсіресе, аспаз, официанттар,сатушылар, тәрбиешілер болып жұмыс істейтін адамдарға   санитарлық мәдениетті  сақтау қажет.

Осы ережелерді біле және сақтай отырып, біз өзімізді және балаларымызды ішек инфекцияларынан қорғаймыз.


2019-04-23 16:11:18

Сондай-ақ оқыңыз