Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сібір жарасы және алдын алу жолдары

Сібір жарасы-айқын интоксикациямен, терідегі карбункулдардың пайда болуымен (тері түрі) немесе сепсис түрінде өтетін жіті зоонозды инфекция. Сібір жарасының спорлары еркін оттегі бар жерде ағзадан тыс пайда болады. Сібір жарасының спорлары қоршаған ортада тұрақты, топырақта 10 жыл және одан да көп уақыт сақталады.

   Ауруды таратушы көздері үй жануарлары ( ІҚМ, қозы, қой, түйе, доңыз). Адам ауруды ауру малды күту немесе сою барысында, еттерді өңдеуде, жануарлардың өнімдерімен байланысқан уақытта сібір жарасы қоздырғыштары көп жылдар бойы сақталатын топырақ арқылы және сібір жарасы микробтары қаптаған (тері, теріден тігілген бұйымдар, жүндер, қыл) ауруды жұқтырулары мүмкін.

Адамдарда аталған аурудың 4 формасы кездеседі:  терілік, өкпелік, ішектік, фарингиалды (ауызжұтқыншақты). Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 8 күнге дейін (жиі 2-3 күн) созылады. Жиі терілік түрі анықталады, өкпелік түрі сирек, өте сирек ішек және фарингиалды.

    Сібір жарасының белгілері аурудың түріне байланысты болады: 1. тері формасы:  дененің зақымданған ашық жерлерінде кішкене бөртпе пайда болады, 1-2 күннен кейін сұйықтыққа толы папулаға айналады, 7-10 күннен кейін   сұйықтыққа толы жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті тығыз жараға айналады, ауру адамда әлсіздік пайда болып, дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, лимфа түйіндері ұлғаяды. 2. өкпелік формасы: бірінші белгілері тұмауға ұқсайды- дене қызуы көтеріліп, тамақ жә»не бұлшық ет ауырады, бірақ-та айырмашылықтары бар: тыныс алу жолдарының ауырлауы тұмауға ұқсамайды, осы белгілер пайда болғаннан кейін 5 күннен соң ауруда шок пайда болып, 24-36 сағаттан кейін өліммен аяқталуы мүмкін.

3. Ішектік формасы: тамақ, жұтқыншақ ауырады, дене қызуы көтеріледі, тәбет төмендейді, лоқсу пайда болады. Белгілері күшейіп қан аралас іш өтеді, қан аралас лоқсу, іш қатты бұрап ауырады. 2-4 күннен кейін асцит пайда болады, 2-3 күннен кейін ауруда өлімге әкелетін шок пайда болады. 4. фарингиалды формасы: ауыз қуысының шырышында және жұтқыншақ қабырғалары қабынады, мойын лимфо түйіндері ұлғаяды. Инфекцияның дамуына орай жұтқыншақ ісінуі өсіп, дұрыс дем алуға кедергі туғызады.

Профилактикалық шаралары ветеринарлық және медико-санитариялық іс-шараладарды енгізеді. Ветеринарлық қызметтер сібір жарасына қолайсыз пунктерді анықтап таспорттау жүргізіп,есепке алулары қажет және жануарларға жоспарлы екпе жасаулары тиіс және  мал көмінділерінін, жануарлар объектілерін,жайылымдарды  және  жануарлар өнімдерін тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда өңдегенде бақылап отырулары тиіс.

    Медицина-санитариялық шараларға тірі сібір жарасыи культурасымен жұмыс жасайтын тұлғаларға, зооветеринарлық қызметкерлерге және т.б. мал союмен кәсіби айналасатындарға және соятын, бұзатын, мал терісін жинап, сақтап, тасымалдайтындарға және жануарлардан алынатын шикізатты бастапқы өңдеумен айналасатындарға  жоспарлы екпе жасау. Иммунопрофилактика 21 күн аралығымен тірі вакцинаны екі рет енгізумен жүргізіледі. Ревакцинация жыл сайын жүргізіледі.

     Есте сақтаңыз! Малшаруашылығымен айналысатын тұлғалар жеке бас гигиенасын сақтаулары тиіс, арнайы киім киіп, уақытылы ветеринар дәрігерлерге ауырып қалған немесе өліп қалған жануарлар туралы уақытылы хабарлап отырулары керек, тек осылай ғана ауруды алдын алуға болады.

 


2019-04-05 11:50:29

Сондай-ақ оқыңыз