Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕРДЕ «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУ

БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕРДЕ «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ УЛАНУДАН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА

Ата-аналар мен білім беру объектілерінің басшыларына! Баланың улануы – ата-ана тəжірибесінде жиі кездесетін жағдай. Улану іштің ауыруы, жүректің айнуы, іштің өтуі, құсу, жалпы əлсіздікпен сипатталады

жəне адам бозарады, анағұрлым маңызды симптомдары елегізу, ұйқышылдық, эмоциялық аяның өзгеруі болып табылады.Наурыз мейрамы көктемгі жаңару символы, махаббат, достық мерекесі. Наурызды

тойлағанда концерт қана болмайды, сонымен бірге əдетте əртүрлі тағамдар мол дайындалады – наурыз көже, бауырсақ, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент жəне басқа да тез бұзылатын өнімдер, оларды ата-аналар балабақшалар мен мектептерге алып келеді. Бұл жақсы, бірақ бұл ретте бала организмі үшін мұның барлығының жақпайтынын есте сақтау керек. Ең алдымен мол майлы тағам (бауырсақ, ет, қуырдақ, салаттар, əртүрлі

самсалар), оған қоса тəттілер, крем қосылған тағамдар. Əдетте ата-аналардың көбі бұл тағамдарды алдын ала үй жағдайларында түрлі жағдайда дайындайды жəне əрқашан оларды салқындату, сақтау жəне тасымалдау

бойынша талаптарды сақтай бермейді. Осыған орай ішек таяқшасы, стафилококк, сальмонелла жəне т.б. сияқты микроорганизмдермен жəне олардың токсиндерімен тұқымдалу қаупі жоғары.

Өзіңізге артық проблеманы болдырмау үшін, Наурыз мейрамын тойлауды аурусыз өткізу жəне балалар улануының туындау ықтималдығын жоққа шығару үшін қарапайым, бірақ өте маңызды профилактика қағидаларын ұстанып, балабақшалармен мектептерге үйде дайындалған тамақты əкелмеуіңіз керек. Əр балабақша мен мектепте балалар үшін таңғы ас пен түскі асты дайындайтын ас блогы бар екенін ескеру керек жəне білім беру мекемелерінің əкімшіліктеріне ұлттық тағамдардың аз мөлшерін ұйымдастыру керек екенін ескертеміз. Ас блогының əр қызметкері жəне диета мейіргері балалардың тұтынуына болатын ұлттық тағамдар тізбесін біледі.

Барлық тағамды бір күнде беру міндетті емес, апта бойы ас мəзіріне ұлттық тағамдарды қосуға болады, балаларға əр тағамның мəні мен маңызын түсіндіріп,мұның барлығын ертегі нысанында көрсетуге, балаларды осы процеске тартуға болады. Тамақтан уланудың алдын алу мынадай сақтық шараларын орындау болып табылады:

* қолды сабынмен мұқият жуыңыз, балаларды дəретханадан кейін, серуеннен кейін,

тамақтану алдында, қолмен лас затты ұстағаннан кейін немесе жануарды сипағаннан

кейін қолдарын жууға үйретіңіз;

* көкөністер, жидектер мен жемістерді мұқият жуыңыз;

* ет жəне балық өнімдерін жақсы қуырыңыз, шикі етті кесуге арналған тақтайлар мен

аспаптарды басқа өнімдерге пайдалану алдында жуыңыз;

* тағамды үстелде қалдырған кезде оны тарақандар мен шыбыннан қорғау үшін бетін

жабыңыз,

* тағамды тоңазытқышта сақтаңыз,

* бактериялар 4,4-тен бастап 60 градус Цельсийге дейінгі температурада жылдам

көбейеді. Тағамды 60 градус Цельсийден төмен емес температурада дайындаңыз

жəне жылытыңыз,

* нитраттардың аз мөлшері бар өсімдіктердің бөліктерін пайдаланыңыз,

* көкөністер мен жемістерді екі сағат бойы суға батырып қойыңыз,

* дəмханада тамақ ішкенде сақ болыңыз.

Бала үшін уланудың ең жақсы профилактикасы – бұл ата-аналардың хабардар болуы

мен қырағылығы екенін есте сақтаңыз.

Жағымсыз жағдайды болдырмау өз қолыңызда. Балаларыңызға көңіл аударыңыз,

олармен пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз, кез келген əрекеттің салдарлары туралы

əңгімелеңіз. Олар саналы жəне хабардар болып өссін. Өзіңізді жəне балаларыңызды

қорғаңыз! Деніңіз сау болсын!


2019-03-26 09:31:46

Сондай-ақ оқыңыз