Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Кеміргіштермен күрес!

Ақсу қаласында 2019жылғы 1 наурызда Павлодар қаласының «Базарбай» дезинфекциялық фирмасымен дератизацияның көктемгі туры басталды. Өңдеу жұмыстарын мемлекеттік мекемелерде, жертөле ғимараттарында және көп қабатты үйлердің және жеке секторларда, қоқыс камераларында жүргізіледі. Ашық алаңдар – қалалық зират, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, мәдениет және демалыс саябағы, Қ. Сәтбаев атындағы алаң, «Энергетик» және «Ягодка» бақтары жеке меншік мекемелер келісім-шарт негізінде өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Ақсу қалалық ҚДСБ мамандарымен объектілерде дератизациялық шараларды өткізулері туралы ұсыныс хаттар жолданды.

Бюджет есебінен жүргізілетін өңдеу жұмыстары кеміргіштердің қаптаған кезеңінде жүргізіледі көктем-күз, кеміргіштер саның төмендетуге олардың тез көбеюлерін ескере отыра өңдеу жұмыстарын ай сайын өткізу керек. Осы мақсатта ПИК және жеке кәсіпкерлер аталған қызмет түріне лицензиялары бар фирмалармен келісім-шартқа отырулары тиіс.

Кеміргіштер - сүтқоректілер класының ең көп тараған отряды. Оларға тышқандар, егеуқұйрықтар т.б. жатады. Олар адамға аурудың 50 түрін тарататын көздері болып келеді оба, шешек, аусыл, туляремия, лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулез, геморрагиялық қызба, листериоз т.б. Мұндай көршілер адамдар арасында жұқпалы ауруларды тарату қауіпін төндіреді.

Кеміргіштер тұрғындардың денсаулықтарына қауіпті ғана емес, инфраструктура объектілеріне күрделі экономикалық шығын келтіреді: азық-түлік өнімдерін, өсімдіктерді, көшеттерді және басқаларды, соның ішінде егістегі, бақшамыздағы көкөністер мен нандарымызды жояды, әр түрліс салынған құрылыстарды, заттарды, жиһаздарды, бөлменің үй-жайлардың ішкі әрленуіілерін, техникалық құрылғыларды істен шығарады нәтижесінде электр және телефон сымдарын құртады.

Осының бәрі кеміргіштерге қарсы жою іс-шараларын жүргізуді көздейді- дератизациялық шараларды.

Егеуқұйрықтардың көбейіп тарлуларына қолайлы жағдайлар жойылмағанша, дератизациялық шаралар күткендей тиімді нәтиже шығармайды.


2019-03-13 10:29:33

Сондай-ақ оқыңыз