Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Наурыз мейрамы!

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Наурыз мейрамына орай іс-шараларды дайындап, өткізу барысында тұрғындар арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және жаппай тамақтан уланулардың алдын алу мақсатында, хабарлайды.

         Келесі жағдайларда тамақ өнімдерінің өткізілуіне (өндірісте қолданылуына) жол берілмесін:

- Шығуын, сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз (сапа куәлігі, өнімді шығару күні және уақыты, сақтау температурасы, өткізудің соңғы мерзімі көрсетілген жүкқұжаты, сәйкестігі туралы декларация, шот-фактура), оның ішінде қолданылатын шикізатқа – сатып алу актісіз, ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз);

- Қаптама тұтастығының бұзылуымен және лас ыдыста өткізуге (өндірісте пайдалануға) жол берілмесін.

        Мерекелік асты дайындауға атқарылатын жұмыс сипатына (біліктілігі және мамандығы) сәйкес кәсіби дайындығы бар, атап айтқанда тамқтануды ұйымдастыру, сондай-ақ гигиеналық оқудан және тамақ өнімдерін өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды сақтау саласында аттестациялаудан өткен, жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалары бар персонал қатыстырылсын.

Тамақ өнімдерін тасымалдауды өнімнің температуралық-ылғалды, жарық режимдері кезінде сақталуын, сапасын және қауіпсіздігін, өнімнің қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып мамандандырылған автокөлікпен жүзеге асырылсын. Жүргізуші-экспедитордың жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс, арнайы киімде жұмыс істеуі керек, тамақ өнімдерін тасымалдау ережелерін білуі тиіс.

  Бір ерттік ыдыстың, сауда-технологиялық және тоңазатқыш жабдығының, қаптама материалының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.

Тиісті рұқсаты және арнайы жабдығы жоқ (жерден сату) шекілдеуік, балмұздақ, сүт және басқа тамақ өнімдерін сататын жеке тұлғалардың болуына жол бермеу.

Жаппай жүргізілетін іс-шаралара орындарында уақытында тазартуды қамтамасыз етсін,  қоқысты жинауға арналған бактар орнатырылсын.

 


2019-03-11 10:31:18

Сондай-ақ оқыңыз