Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу өңірінде «Саламатты тұрғын үй!» науқаны өткізілді

   Оқу орнына түсу үшін басқа қалаға көшу - ол есеюдің алғашқы кезеңі. Күні-кеше ғана жасөспірім мектепте оқып, енді ата-анасыз бөлек тұрады, өз еркімен шешім қабылдайды. Тұрғын үйді таңдауда көптеген сұрақтар туындайды. Егерде Сіз, жатаханада тұрамын деп шешсеңіз, көптеген сұрақтар туындайды: тамақты қай жерде әзірлеу, киімдерді жуу, сабаққа дайындалу және т.б.

   Бұл сұрақтарды шешу үшін және профилактикалық жолдаудағы іс-шараларды күшейту мақсатында, интернаттық мекемелердегі оқушылардың, жатахана студенттерінің тұрғылықты жағдайларын жақсарту үшін және салауатты өмір салтын насихаттау негізінде тұрғындардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау мақсатында 2019жылғы 06 -13 ақпан аралығында «Саламатты тұрғын үй!» науқаны өткізілді.

   Аталған науқан, Жаяу Мұса колледжі жатаханасының қызметкерлері мен жатаханадағы тұрып жатқан студенттер арасында және Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты қызметкерлері арасында өткізілді.

    Науқан барысында Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  мамандарымен колледж студенттерімен және интернат тәрбиленушілерімен салауатты өмір салтын насихаттау және физикалық белсенділікті арттыру бойынша жиналыс өткізілді. Іс-шара соңында жылумен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету, тамақ әзірлеуге, жеке бас гигиенасын сақтау,   сабақты әзірлеуге жағдай жасау және бөлмелерді жиыстыру туралы сұрақтары талқыланды. Шара барысында студенттерге және жатахана қызметкерлеріне сауалнамалар жүргізілді. Сондай-ақ, жатахана студенттерімен қажетті тақырыпта диктант жүргізілді.


2019-02-14 08:24:30

Сондай-ақ оқыңыз