Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты (СӨС) -бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы және ауруларды алдын алудағы белсенді іс-әрекет. Бұл мақсаттарға жеті үшін адам физикалық белсенді болып, дұрыс тамақтанулары керек, гигиена ережелерін сақтап зиянды әдеттерден бас тартулары керек, ағза мен денсаулықты нығайтуға жолданған кеңестерге сүйенулері керек.

                                                 Физикалық белсенділік

Физикалық белсенділік салауатты өмір салтын ұстанудың бірі болып келеді. 10 минуттық жаттығу адам ағзасына көптеген пайдасын тигізеді. Таза ауада серуендеге немесе спортпен шұғылдануға күніне бірнеше сағат бөлсе нәтижесі айтарлықтай болады. Тек мұнда, шектен тыс жаттығуларды немесе жатығуларды қате жасап ағзаға зияның тигізіп алмау қажет. Маңыздысы, шамадан тыс жаттығулар жасап өзіңізді қинаудың қажеті жоқ. Физикалық белсенділікпен байланысатын және сізге пайдасын тигізетін жаттығуларды жасау дұрыс. Денсаулықты нығайту үшін бұл жеткілікті болып келеді.

                                                   Дұрыс тамақтану

Кұнарлы тамақтанудың маңыздысы қантты, тұзды, жануарлар майын және көмірқышқылды тұтынуды азайту (мүлдем бас тарту емес), өсімдік өнімдерін тұтынуды көбейту (жемістер, көкөністер, бұршақ, жаңғақ). Өте көп мөлшерде тұтынбау керек.

                                                   Гигиена

Салауатты өмір салтында гигиенаны ұстану маңызды болып келеді. Одан да басқа, дене тазалығы көптеген аурулардан сақтайды, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне әсерін тигізеді, әр адам жеке бас гигиенасы ережелерімен танысболулары тартымды көрінеді.

                                          Зиянды әдеттерден бас тарту

Зиянды әдеттер темекі шегу, алкоголь немесе есірткі заттарын, зиянды тамақтарды (мөлшерден тыс тұздалған, майлы, тәтті) пайдалану адам денсаулығына зияның тигізеді. Салауатты өмір салтын бастамас бұрын, бірінші кезекте денсаулықты жоятын заттардан аулақ болу қажет.

Бұл денген тәттіден мәңгі бас тартып тез дайындалатын орындарға мүлдем бармау деген емес, мұндай жағдайда тиісті өз мөлшері болады.

                                                      Күн тәртібі

Күн тәртібін ұстану ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, ішкі құрылыстың жұмыс істеулерін жақсартып, көңіл күйді көтереді. Мұндай тәртіптің мәні, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, күнделікті әдеттенген бір уақытта жұмыс істеп, демалу және ұйықтау. Бірақ-та, бұл үнемі мүмкін емес, күн тәртібін үнемі ұстану қиындау болып келеді. Шыны керек, біздің ағзамызға бұл ыңғайлы. Егерде адам күнделікті бір уақытта тамақтанып үйреніп қалса, ас дұрыс қортылып бұл процесстің пайдасы көп болады. Бір уақытта ұйықтаса (түн ортасына қарай) тез ұйықтап, ұйқысы қанып қалады.

  Салауатты өмір салты бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолы. Салауатты өмір салты – дұрыс таңдау.

 


2019-02-13 10:02:46

Сондай-ақ оқыңыз