Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Бруцеллез және оның алдын алу шаралары

Бруцеллез - созылмалы, тірек-қимыл аппаратының,нерв, жыныс және басқа жүйелердің зақымдануымен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауру.

Бруцеллалар сыртқы ортаға төзімді. Суда олар 2 айдан астам уақыт, сүтте - 40 күн , брынзада - 2 ай, шикі етте - 3 ай,тұздалған етте - 30 күнге дейін, жүнде - 4 айға дейін сақталады. Бруцеллалар қыздыру кезінде және көптеген дезинфекциялық заттардың әсерінен өледі. Ауру адамнан сау адамға бруцеллалар жұқпайды. Үй жануарлары (қой, ешкі, сиыр, шошқа, сирек иттер) инфекцияның резервуары мен көзі болып табылады.

Ауру жануарлардан бруцеллез жұқтыру жанасу, тамақ және ауа жолдарымен жүреді. Жұқтыру байланыс арқылы жүреді, амниотикалық сұйықтық  теріге тиген кезде (бұзаулар мен қозылар туылғанда көмек беру, нәрестелерге күтім жасау кезінде )инфекция пайда болады. Инфекцияланған жануарлардың етімен байланысқан кезде де жұғуы мүмкін. Бруцеллалар терінің аздаған зақымдануы арқылы өтеді.

Тағамдық жұқтыру шикі сүт арқылы, сондай-ақ сүт өнімдерін (брынза, ірімшік, май) қолданған кезде болады. Ауа арқылы жұқтыру тыныс жолдарына бруцеллалар бар шаң түскен кезде (мал жаю орындарында және қой ұстауға арналған қораларда) пайда болуы мүмкін

Аурудың инкубациялық кезеңі бір аптадан 2 аптаға дейін, ал кейде екі айға дейін созылады. Аурудың басталуы дене температурасының 39-40 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуімен қатар жүреді, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік байқалады. Кейіннен тірек - қимыл аппаратының, жүрек - қан тамырлары, жүйке және басқа да ағзалардың зақымдану белгілері қосылады.

Алдын алу. Адамдар үшін нақты тиімді бруцеллезге қарсы вакцина жоқ. Инфекцияның алдын алу бойынша негізгі ұсыныстар:

- пастерленген емес сүтті өнімдерден аулақ болу

- жеке гигиена ережелерін сақтау және мал шаруашылығының жұмыскерлеріне қолғап кию;

- үй жануарларын вакцинациялау

 


2019-02-12 09:23:07

Сондай-ақ оқыңыз