Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тұмау

Тұмау-бұл кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін жұқпалы ауру. Тұмаудың қоздырғышы-инфекцияланған адамдардан қоршаған ортаның мұрын жұтқыншағына түсетін вирус.

Көптеген адамдар тұмаумен  бірнеше күн ғана ауырады, ал кейбір адамдарда ауру асқынып, ауыр ағыста өтіп өліммен аяқталулары мүмкін.

Тұмау жұқтырғанда, адамдағы созылмалы аурулар асқынады, тұмау көптеген аурулардың асқынуларына әкелуі мүмкін.

Аурудың асқыну жолдарын болдырмау үшін уақытылы тұмауды алдын алу қажет және ауруды дұрыс емдеу қажет.

Тұмау аяқасты басталады. Тұмауды қоздырғыштар А және В типіндегі вирустар, вирустың тез таралуынан және агрессивтілікігімен ерекшеленеді, сондықтан-да, вирус жұқтырғаннан кейінгі саналы уақытта тыныс алу жолдарын және сілемейді зақымдап, бактериялардың енулеріне жол ашады.

Тұмау симптомдары арасында – дене қызуы 37,5- 39 градусқа дейін көтеріледі, бас ауырып, бұлшық ет, буындар ауырады, қалтырау, жөтел, мұрынның бітуі, тамақ ашып ауырады.

Тұмауды басқа аурулармен шатастырып алуға мүмкін, сондықтан-да нақты диагнозды дәрігер ғана қоя алады.

Тұмаумен ауырғанда не істеу керек?

Ауырған адамда тұмау белгілері пайда болған ол үйде қалуы тиіс, қоршаған ортаға ауру таратып қана қоймай, уақытылы ем қабылдауы тиіс, дәрігердің көмегіне жүгінуі тиіс. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін ауру адамды сау адамдардан оқшаулау қажет, бөлек бөлме бөлу қажет.

Маңызды!

Ата-аналар! Ауырған балаларды балабақшаларға, мектептерге, мәдени-сауық-шараларға жібермеңіздер. Тұмауда төсек режимін сақтау қажет, өйткені ауру барысында жүрек қан тамыры, иммунды және ағзаның басқа жүйелеріне жүктемелер артады.

Тұмаумен ауырған өз бетіңізбен ем қабылдамаған жөн, науқастын жағдайы мен  жасына сәйкес, тек қана дәрігер диагноз қойып қажетті ем тағайындайды.

Дұрыс емделу үшін дәрігердің барлық нұсқаулықтарын мұқият орындап және дәрілерді уақытылы қабылдау қажет. Осыдан басқа, жылы суды, шәйді, мүкжидек, бөренелер морсты, минералды суды көп және жиі ішу қажет.

Ауру адам жатқан бөлмені үнемі желдетіп отыру қажет, вирусқа әсерін тигізетін зарасыздандыру құралдарын пайдаланып ылғалды жиыстыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Ауру адаммен байланысты шектету қажет, оған күтім жасаған кезде медициналық дәкені пайдалу қажет.

Тұмауды алдын алу ережелері:

-         Эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы екпе жасау;

-         Адамдардың жаппай жүретін орындарда және қоғамдық көліктерде жиі болмауға тырысу;

-         Адамдар көп жүретін орындарда дәкені пайдалану;

-         Аурудың белгілері бар адамдармен (түшкірген, жөтелген) тығыз байланыста болмауға тырысу;

-         Үнемі жиі қолды сабынмен жуу, әсіресе қоғамдық көліктен кейін немесе даладан келгенде;

-         Қоғамдық көлікпен жүріп келгеннен соң немесе даладан келген соң мұрынды сумен шаю;

-         Отыратын бөлменің ауасын алмастырып отыру қажет;

-         Отыратын бөлмеңізге ылғалды жиыстыру жұмыстарын жүргізу қажет;

-         Отыратын бөлмеңіздің ауасын ылғалдандыру;

-         Құрамында «С» дәрумені бар өнімдерді  жиі пайдалану (лимон, мүкжидек, бөренелер т.б.);

-         Тамаққа көп сарымсақ және пияз қосып жеңіз;

-         Дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитетті көтеретін препараттарды қолданыңыз.

Отбасыңызда немесе жұмысыңызда тұмаумен ауыратындар болған жағдайда – алдын алу мақсатында вирусқа қарсы препараттарды пайдалана бастаңыз (дәрігердің кеңесі бойынша, зиянды әсерлерін келісіп және қабылдау нұсқаулықтарына сәйкес).

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, ұйқыңызды қандырыңыз, құнарлы тамақтаныңыз және үнемі дене шынықтырумен айналысыңыз.


2019-01-28 10:21:58

Сондай-ақ оқыңыз