Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «Халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекетті ккөрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі.

2018жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -75. Бас тарқан мемлекеттік қызметтер саны -0. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саны-0. Кағаз тасығышта көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

Құжаттарды қабылдау және тіркеу:

 1) көрсетілетін қызметті берушінің арқылы;

 2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Қайта тіркелу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде;

құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

 қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

  Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның қолы қойылады.

  Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

 Жұмыс кестесi:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

    Порталдың – (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

"Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

     Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш,  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының, 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

"Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

    Порталдың – (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;      өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) ұсынылған объектінің, мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының, 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

"Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-
қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкімет": www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Өтініштер мен құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын береді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанда санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділердің нормативтік құжаттамаларының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттаманың жобасы;

      порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;

      2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобалары;

      порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі;

      3) шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттаманың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттаманың жобасы;

      порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;      шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының, 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Өмір сүру мүмкіндігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуымен байланысты сырқаты бар көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне шыға отырып жүргізеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.mz.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kooz.mz.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

2019-01-15 16:39:41

Сондай-ақ оқыңыз