Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Темір жетіспеушілік ауруларының алдын алу

Теміртапшылық анемиясы  ең кең тараған және әлеуметтік маңызды аурулардың бірі  болып табылады.

Қазақстандағы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің 45 пайызы анемиямен ауырады. Бұл өз кезегінде  жүктілік пен босану кезінде ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің жоғарылауына, балалардың физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіне әсер етеді.

    Қазіргі таңда тұрғындар арасында теміржетіспеушілік анемиясының алдын алу жолдарының бірі  витаминді-минералды кешенді қоспалармен байытылған (фортификацияланған)  жоғарғы және бірінші сұрыптағы бидай ұнын пайдалану болып табылады, себебі ұн тұрғындардың барлық әлеуметтік тобы жаппай тұтынатын тағам екені белгілі.

     Фортификация дегеніміз бұл  ұн тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды қосу  процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көпшілік тұтынатын өнімдерді темір мен фолий қышқылымен байыту 90 мыңға жуық адамның өмірін сақтауға, жүйке түтігінің туа біткен кемістігі мен жүрек-қан тамыры ауруларын болдырмауға мүмкіндік береді.

     Сонымен қоса,  сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, сұлы, қарақұмық жармасы, ірі бұршақ, ақ саңырауқұлақтар, какао, шоколад, көкөніс, бұршақ, алма, бидай, шабдалы, жүзім, май шабақ, қара өрік  тағамдарын  тағамға жиі пайдалану болып табылады.

 

 


2018-12-06 11:43:23

Сондай-ақ оқыңыз