Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Йод жетіспеушілік ауруларының алдын алу

Йод – адам ағзасының қалыпты өсуiне, дамуына қажеттi микроэлементтердiң бiрi болып табылады. Адам организмiне тағам мен судан түсетiн йодтың қажеттi деңгейде жетiспеуi – йод жетiспеушiлiгi ауруларына әкеп соғады. Йод жетiспеушiлiк ауруларының iшiнде – эндемиялык зоб аса қауiптi ауру болып табылады. Оның салдарынан көптеген аурулар, атап айтқанда, түйiндi құрылымдар мен қатерлi iсiктер дамуы мүмкiн. Йод жетiспеушiлiк ауруларының ең ауыр түрлерiнiң бiрi – балалардың ақылы мен дене дамуының тежелуi, жыныстық дамуының жетiлмеуi, әйел адамдардың жүктiлiк кезiнде түсiк тастау немесе көзi көрмейтiн, ақылы кем бала тууы сияқты жағдайлар жатады. Йодқа аса мұқтаж аудандарға таулы жерлер мен аумағы теңiзден алыс орналасқан аумақтар жатады.

      Йод жетiспеушiлiк ауруларының алдын алу шаралары:

– йодпен байытылған теңiз тағамдарын – балық, балық майы, теңiз жәндiктерi, теңiз орамжапырағы және т.б. теңiз өнiмдерiн және сүт, жұмыртқа, ет өнімдері,  көкөнiстер – қызылша, салат, шпинат, қызанақ, сәбiз, қартоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, жемiстер, жидектер, жаңғақтар – құрма, алма, жүзiм, шие, шабдалы  тағамға жиi пайдалану;

- йодталған тұзды  және йодпен байытылған тағам өнімдерін пайдалану барысында жәй ғана тұзды пайдалануға болады ондай тұзбен текқана дайын тағамдарды тұздау қажет. Тұзды қайнатуға болмайды, өйткені тұздың құрамындағы йод бұзылады.

    Йодталған өнiмдердi пайдалануды йод тапшылығына шалдығуды жою мен болдырмаудың кезек күттiрмейтiн шаралары ретiнде қарау қажет.  Йод тапшылығын бiржолата жою мүмкiн емес. Йод – бұл гормондарды өндiрету үшiн қалқанша безiне үнемi керек шығару материалы. Йод жоқ болса, гормон да жоқ. Сондықтан, йодты аз мөлшерде үнемi пайдаланып отыру әр адамның дағдысына айналу қажет.

 

 

 

 

 

 

 


2018-12-06 11:42:10

Сондай-ақ оқыңыз