Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Менингококктық жұқпа және оның алдын алушаралары

Менингит – бас миы мен жұлынның қабынуы. Ауа-тамшылары арқылы беріледі және менингококк бактериясын тасымалдаушыдан менингит және менингококктық сепсис кедей інөте жедел өтетін, клиникалық белгілерінің әралуандығымен сипатталатын жұқпа. Клиникалық белгілерінің ауырлығына қарамастанбұл ауру өте сирек кездеседі. Менингококктық жұқпаның қоздырғышы Neisseriameningitidis бактериясы болып табылады, ол қоршаған орта температурасының және ауаылғалдығының өзгеруінен, ыстық күн сәулесінің әсерінен,  жалпы адам ағзасынан тыс жерде 30 минуттан кейін жойылып кетеді.

Қазақстан Республикасының аумағында айқын маусымдылық байкалмайды, аурушаңдық жыл бойы  тіркеліп отырады, аурушаңдық деңгейі күз және көктем мезгілінде шамалык өтеріледі.

Мұрын мен тамақтан және жоғары тыныс жолдарынан бөлінен менингококктық жұқпа  қоздырғышы ауа-тамшылары арқылы жөтелген, түшкірген кезде таралады. Менингококк қоршаған ортада жыл дам жойылатындықтан ауруды жұқтыру дана уқас баламен қатынаста болғануақыттың  ұзақтығы, бөлмедегі, әсіресе сирек желдетілетін қоғамдық орындардағы  балалар дың көптігінің маңызы зор. Жассәбилер ауруды ағзасында менингококк қоздырғыштары бар бактерия тасымалдаушысы болып табылатын немесе  осы  жұқпа мен науқастанған  ата-аналарынан, туыстарынан жұқтырады.

 Ауру жұқтыруға бейімділік  өте жоғары. Менингококктық жұқпаның жасырын кезеңі 2-4 күн. Ауруға әртүрлі жас шамасындағы адамдар, көбінесе мектеп жасына дейінгі  балаларшалдығады. Менингококктар 4% сауадамдардың мұрындары мен тамақтарында анықталады.Мұндай тұлғаларда жұқпаның белгілері байқалмайды (бактериятасымалдаушы), немесе жұқпа көзі болып саналатын адамдарда  назофарингит түрінд ежүреді. Менингококктық жұқпада бактерия тасымалдаудыңорташа ұзақтығы  2-3 аптаға, кейбір адамдарда  6 және одан да көп аптаға дейін созылады (мұрыны мен тамағында созылмалы қабынуошағы болған жағдайда ).

Ауру дың клиникалық белгілері бойынша жұқпаның келесі түрлері болады:

- Менингококктық назофарингит – оның жіті респираторлық вирустық жұқпалардан (ЖРВЖ ) еш айырмашылығы жоқ.

- Асқынған, аурудың бүкіл ағзағатаралған, өте ауыр, жедел өтетін менингококтық менингит түрі   жедел басталады.  Дене қызуы кенеттен 39-40С0 және одан да жоғарык өтеріледі. Ата-аналар кейде баланың ауырған уақытын дәлайтып береалады. Науқастың негізгі шағымы–бастың маңдай және желке тұсы қатты ауырып, шыдатпайды және ауру жылдам күшейе бастайды.    Жұқпаға мынандай ауру белгілері тән: қозу, қобалжу, естентану және менингиалдық белгілер- желкеетінің тартылуы. Жөтелдің пайда болуы, мұрынның  бітелуі, тамақ пен  іштің ауруы мүмкін.

- Менингококктық сепсис (менингококкцемия) ауру қоздырғыштары қанарқылы әртүрлі  ағзаларға таралады. Бұл жағдайда ауру өте жыл дамиды.  Аурудың сағаттарында аспандағы жұлдыз тәрізді  геморрагиялық бөртпелер пайда болады.

Менингококтық аурулардың клиникалық өтуі және науқастың жазылуы ауруды дер кезінде анықтауға және дұрыс емдеуге байланысты. Менингитпен ауырған науқастың медициналық көмек кейбір тәуліктен кейін жүгінуі кеш болып саналады.

Менингококк жұқпасының таралуының алдын алуда ересектердің және балалардың ұйымдастырылған  мекемелерінде  жалпы санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтау дың маңызы зор. Маңызды алдын алушараларына менингококк тасымалдаушыларын анықтау және оларды сауықтыру,  ауру  белгілері байқалған кезде дәрігерге дер кезіндеқаралу  болып табылады.

Менингококктық жұқпа мен ауырмау үшін: суық тию ден сақтану;адамдар көп жиналатын жерлерге жиі бармау; үй-жайларда күнделікті жуып, тазалап, желдетіп отыру; жеке бас тазалығын сақтап,  қолды мүмкіндігінше  жиі  жуу; дәрумендерге бай тағамдардық олдану, жалпы күш беретін дәрумендерді пайдалану, дене шынықтыру жаттығуларымен және  шынығумен  ағзанышыңдау; суық тию белгілерімен байқалатын ауруларға (тұмау, жөтел және т.б.) нем құрайды қарамау, оларды дер кезінде емдеу, тым қатты бас ауырып, дене қызуы көтерілген кезде бірден дәрігерге  қаралу. 

 

 

 


2018-11-28 15:39:43

Сондай-ақ оқыңыз