Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Көкжөтел дегеніміз не?

Көкжөтел – ұстамалы жөтелмен көрініс беретін, тыныс алу жүйесінің қауіпті жұқпалы ауруы.

Жұқпа  науқаспен тығыз қарым-қатынас болғанда ауа-тамшы жолы  арқылы беріледі. Науқас, аурудың белгілері пайда болған күннен бастап және әрі қарай аурудың нағыз өршіген сәтінен 30 күн аралығында сыртқы ортаға жұқпаны таратып, қауіпті болады.

Ананың антиденелерімен байланысты туа біткен иммунитет қалыптаспайды. Науқаспен қатынаста болған, екпе алмаған адамның жұқпаны жұқтыру мүмкіндігі 90% құрайды.  2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.

Көкжөтел бактериясы тыныс алу жолдарының шырышты қабатын тітіркендіретін арнайы токсин бөледі. Нәтижесінде көкет пен бронхтардың (бронхоспазм) бұлшықеті тарылып, ұстамалы жөтел дамиды.

Жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады (көбінесе 5-7 күн). Әрі қарай дімкәстікпен, азғана жөтелмен, мұрыннан су ағумен, дене қызуының субфебрильді (38С дейін) көтерілуімен сипатталады. Біртіндеп жөтел күшейіп, 2-ші аптаның соңында жөтелдің ұстамалары басталады. Ұстама кезінде баланың беті көгеріп, мойын тамырлары кеңейіп, көздеріне қан құйылып, тілі аузынан шығып, тілдің жүгені жиі жарақаттанады, сонымен қатар тұншығу дамып, тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Сырқаттың ауырлығына қарай ұстама тәулігіне 5-тен 50-ге дейін болуы ықтимал.

Көкжөтелдің ауыр түрі ұзақ уақытқа созылатын оттегінің жеткіліксіздігіне, бас миы және жүрек бұлшық еттерінің қан айналымының бұзылысына алып келуі мүмкін. Көкжөтел тыныс алу жолдары арқылы пайда болатын пневмониямен және басқа аурулармен асқынуы мүмкін. Сирек жағдайда өте күшті жөтелден туындайтын ауыр асқынулар болады (миға қан құйылу, дабыл жарғағының жарылуы және т.б.).

Көкжөтелдің алдын-алудағы жалғыз тиімді жолы — вакцинация. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, көкжөтелге қарсы вакцинация 2, 3, 4, 18 ай және 6 жаста жүргізіледі.

Көкжөтелге қарсы вакцинаны шығарылғанға дейін бұл ауру балалар арасында өлімге әкелуден бірінші орында болды. Ал, вакцина кеңінен  қолданыста болған уақыттан бастап (1960 жылдардың басында), көкжөтелден болған балалар өлімі 45 есеге азайған. Сонымен қатар әлемде, бүгінгі күннің өзінде балалар бұл инфекциядан көз жұмуда. Бірақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, олардың басым көпшілігі вакцинацияланбаған балалар.


2018-11-02 08:28:55

Сондай-ақ оқыңыз