Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сүт безі обыры

Қазақстандық әйелдер арасында да онкологиялық  аурулардың алдында тұр. Өлім-жітім жағынан сүт безінің обыры өкпе және асқазан обырынан кейін 3-орында.

Сүт безі басқа органдарға қарағанда неге қатерлі процесске бейімделген? Қолайсыз экология, күйзеліс барлық ағзаға әсер етеді. Себебі, сүт безі – әйел ағзасында ең гормонды байланысты орган. Ал гормонды жағдайға магнит бораны, күн радиациясы, өмір салты, жан тыныштығы бәрі әсер етеді.

Сүт безінің обыры тек әйелдерде ғана емес, ер адамдарда кездеседі, бірақ сирек (аурудың барлық жағдайының 1%). Ер адамдардағы кеуде безі обырының себебі: тектік өзгеріске ұшырау, семіздік, гармонды бұзылым.

Етеккірі он бір жасынан ерте басталған әйелдер сүт безінің обырымен ауруы әбден мүмкін. Сондай-ақ, 55 жастан кейін менопауза басталған әйелдерде де бұл қауіп тобы болады. Жыныстық гормондардың жоғары деңгейінен бұл әйелдер белсенді, жақсы көрінеді, бірақ  дәл осы әйелдер сүт безі жағдайына ерекше көңіл бөліп қадағалауы тиіс. Сүт безі обырының аурушаңдығы жас шамасының пропорциялы артады: бұл диагноз 20-25 жас аралығында – сирек кездесетін жағдай, 30 жасқа дейін  – кейбір әйелдерде ғана, 35 жастан асқандарда қауіп геометриялық прогрессияға артады – әрбір 5 жылда екі есеге өседі.

Сүт безінің обырын алдын алу Алғашқы профилактика – бұл осы дерттің өсуіне әкелетін, қауіп факторына әсер ететін ауруды алдын алу жолдары.

  1. Заманауи әйелдерің өсімпаздық қылығының өзгеруі. Көптеген әйелдер жалғыз ғана бала туып, жұмысқа шығуға асығады. Ал оларға табиғатында бірнеше бала туып және оны емізу тағайындалған. Сондықтан нәрестенің денсаулығы жақсы болу үшін міндетті түрде омырауды емізу қажет, кем дегенде жарты жыл, тіпті болмаса 9-10 айға дейін емізу қажет.
  2. Созылмалы күйзеліс жағдайларынан аулақ болуға тырысыңыз. Себебі, олар сүт безінің саулығына асер етеді. Ағзаны тек қана қысқа мерзімді күйзелістер жаттықтыра алады, әсіресе егер олар мәселені шешуде жақсы аяқталған жағдайда. Уайымнан пайда болған созылмалы күйзеліс иммунитеттің төмендеуіне алып келеді. Ол дегеніміз адам ағзасын секунд сайын түзулейтін обыр жасушаларымен күресе алмауы да мүмкін.
  3. Жазды күндері өзіңізді күннің астында ұзақ жүруден сақтаңыз. Әсіресе сүт безіне тікелей күн сәулесінің түсуі зиян, олардың нәзік терісі арқа мен аяқ терісіне қарағанда анағұрлым осал. Сондықтан шашыранды күн сәулесінде, көлеңкеде күнге күю дұрыс шешім және міндетті түрде суға түсуге арналған киім болуы тиіс.
  4. Сүт безінің механикалық зақымдануынан сақтаныңыз. Олар он жылдан соң ғана білінуі мүмкін.
  5. Тамақтану – мал майын артық қолдану, аса нәрлі тамақ, А, Е, С, Д витаминдердің жетіспеушілігі. Семіздік СБО тудыру қауіпін 2-3 есеге арттырады.
  6. Үнемі кеудеге көзтартарлық форма беретін ғана, қатты маталарды қолданбауды ескеріңіз, олар кеудені қысып қан айналымын бұзады. Сондықтан кеудешені анда-санда киіп жүруге дағдыланыңыз.
  7. Сүт безі обырын алдын алу тәсілінің ең дұрысы – өзін өзі тексеру. Өз кеудеңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді. Дәрігерлер және сіздің бірлескен күшіңізбен ғана ауруды ерте сатыда анықтауға болады. Оны ай сайын тексеруге болады. Тексеру үшін уақыт таңдау қажет, етеккір келіп кеткен соң бір апта ішінде – бұл уақытта кеуде жұмсақ болады. Ең дұрысы – жуынған кезде. Қолыңызды сабындап, тігінен тұрып және оң қолыңызды жоғарыға көтеріп, сол қолыңызбен оң кеудеңізді қолтыққа дейін байқап қараңыз. Содан кейін тура солай сол кеудеңізді тексеріңіз. Сондай-ақ қолтық асты шұқырын, олардың тұсын және бұғана тұсын тексеруді ұмытпаңыз.

Өз өзіңізді тексеру кезінде сақтықпен қарауыңыз қажет:

  • – сүт безінің түрінің өзгеруі;
  • – сүт безіндегі сезілген тығыздықты;
  • – қаттылықтың үстінгі жағынан домалақ емес, жалпақ;
  • – тері ұсақ тесікті лимонды қабықшаға ұқсаған кездегі ісік;
  • – емшек ұшы түрінің өзгеруі;
  • – емшек ұшынан қанды бөлінудің пайда болуы;
  • – сүт безінде үнемі жағымсыз жайлардың байқалуы;
  • – екі жаққа сәйкес қолтық асты шұқырында лимфалық түйіндердің ұлғаюы.

Сүт безінде қандай да бір дерттің пайда болуы кезінде тұрғылықты мекенжай бойынша әйелдерді тексеру кабинетіне немесе амбулаторлы-емханалық мекеменің дәрігер-гинекологтарына жүгіну қажет. Егер тексеру нәтижесінде сүт безі табылса, онда сізге қосымша тексеруді тағайындайды: УДЗ және маммография. Сүт безінде ісік түрлері пайда болған жағдайда, сіздің диагнозыңызды анықтау үшін және ары қарай қажетті ем жүргізу үшін дәрігер-маммологқа жолдайды.


2018-10-24 15:08:21

Сондай-ақ оқыңыз