Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тұмаудан сақтанып екпе жасатыңыз!

Тұмау – вирус қоздыратын жіті респираторлық жұқпалы ауру.

2018 жылғы 1 қазаннан бастап тұмаудан сақтанудың ең тиімді шарасы атты тұрғындарға екпе жасау басталды. Тұмауға қарсы екпені тегін жасауға тұрғылықты жерлері бойынша емханада қауіпті топқа енетін тұлғаларға жасайды: медицина қызметкерлері, медицина мекемелерінде диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіз және жиі ауыратын балалар, балалар үйінің балалары, жүктіліктің екінші немесе үшінші кезеңіндегі жүкті әйелдер, қарттар мен мүгедектер. Ақылы түрде екпені тұрғылықты жер бойынша емханада жасатуға болады.

Тұмау – ол медициналық проблема ғана емес, ЖРВИ және тұмау ауруының өсуі барысында тұғындардың 50% еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. Сондықтан да, жұмыс беруші өз жұмыскерлерін эпидкезең алдында 2018жылғы 1 қазаннан бастап – желтоқсанға дейін тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етулері керек. Екпе, Сіздің жұмыскерлеріңізді тұмаудан қорғайды.

Еста сақтаңыз, екпе Сіздің өміріңіз және денсаулығыңызды сақтайды!

Сау болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

 


2018-10-22 12:05:48

Сондай-ақ оқыңыз