Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Балалар ойыншықтары

Қазақстанада балалар ойындары мен ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі Кедендік одақ Комиссиясымен бекітілген «ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентімен реттеледі. Дәл осы құжат балалар ойыны мен ойыншықтарына олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды қояды, өйткені ойыншық оны қолданаған кезде баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей болып жасалынуы қажет. Бұл құжат ойыншық қауіпсіздігі өлшемдерін анықтайды, ал олар аз емес. Ойыншықтар қауіпсіздігі деген өнімнің балаларды әртүрлі деңгейде жарақаттауға қабілетсіздігін білдіретін кең ұғым. Біз ересектер, бала бұл ойынышқты қалай пайдаланатынын біле бермейміз. Ол оны сілкілеуі, аузына салуы, су құюы оны балға немесе шеге ретінде де пайдалануы мүмкін.

Бұл талаптар ойыншықтың құрылымы мен жасалған материалдарына қойылады. Ойыншықтар жасалатын материалдар пайдалануға рұқсат етілуі тиіс, модельді ортаға зиян химиялық заттардың миграциялануының көзі болмауы керек. Ойыншықтардың қорғаныс-декоративті жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне тұрақты болуы керек. Ойынышқ бөлшектері функционалды механикалық ауыртпалықтарға төзімді болуы қажет. Ойынышықтың жиектері, өткір ұштары, қатты бөлшектері, саңылаулары, бұрыштары, баулары, арқандары мен бекіткіштері балаға зақым келтіру қауіпін тудырмауы керек. Ойыншықтар өрт және жарылысқа қауіпсіз болуы шарт.

Ең маңыздысы Қазақстанның сауда нүктелерінде сатылытын ойыншықтарда өндіруші-мемлекетіне қарамастан, жүргізілген зерттеулерге негізделген сәйкестік сертификаты, яғни олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болуы шарт. Мұндай құжат ойыншықтың сапасын көрсетеді.

Балаға деген шынайы махаббатыңыз, ең алдымен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуден көрінеді. Соның ішінде балаңызға деген жылы сезімдеріңізді жеткізуге көмектесетін қауіпсіз ойыншықтар болуы тиіс.


2018-10-05 07:53:46

Сондай-ақ оқыңыз