Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құтырма және алдын алу жолдары

Құтырма ауруы (судан қорқу, гидрофобия) – зоонозды аса қауіпті инфекция (вирустық), құтырма ауруы адамға ауру жануарлар қауып алғанда немесе сілекейлегенде жұғып 100% өліммен аяқталады.

Ауруды жұқтыру деңгейлері бойынша Павлодар облысы шартты қолайлы аймаққа жатады, ауруды таратушы көзі анықталған жағдайда аурудың өршу қауіп бар.

Соңғы жылдары Республикамызда тұрғындардың құтырма ауруымен ауыратындары бойынша эпидемиялық жағдай қйындап тұр. Ақырғы 3 жылда республикамызда гидрофобия ауруының 9 жағдайы тіркелді адамдар арасында.

Облысымызда құтырма бойынша эпизоотикалық жағдай бұрынғыдай қиындап тұр. Ағымдағы кезеңде жануарларда құтырма ауруына күдіктену жағдайлары тіркелді: Қашыр ауданы, Ертіс ауданы және Шербақты ауданы.

Ақсу аймағында адамдарда құтырма ауруының тіркелуі 2015жылы анықталған Алғабас с/о, Жолқұдық ауылы.

Құтырма ауруын таратушы көзі үйсіз, қаңғыбас иттер және мысықтар. Құтырмамен ірі және ұсақ қара малдар, жылқылар, түйелер сирек ауырады, аса маңызды -қасқырлар, түлкілер табиғатта ауру вирусын сақтаушылар болады. Адам ауруда тек қана жануарлардан жұқтырады.

Аурудың клиникасы орталық жүйке жүйесін зақымдаумен ағады, қозғалыс орталықтарының қозуы, тыныс алу жолдарының құрысулары басталып, сал ауруына шалдығып соңы өліммен аяқталады.

Біле жүргеніңіз жөн, құтырма ауруын емдеп жазу әдістері жоқ. Аурудың дамуын тоқтатудағы ең тиімді әдіс ол – уақытылы жасалған антирабиялық көмек. Жануардың қабуынан зардап шеккенге уақытылы антирабиялық көмек жасалмаса, оған енді көмектесе алмайсыз.

Жануар қауып алса немесе сілекейлеп, тырнап алған жағдайда не істеу керек? Бірінші кезекте қауып алған жерді ағынды сумен сабындап жуып дәрігердің көмегіне жүгіну керек, қауып алған жануар иесінің Т. А. Ә., мекенжайын анықтау қажет, жануарды өлтірмеу керек, өйткені жануар құтырма жұқтырғаның анықтау үшін 10 күн бойы ветеринарлық дәрігердің бақылауында болуы керек.

Жануарлар арасында негізгі алдын алу шаралары ол құтырмаға қарсы екпе жасау.

Адамдар мен жануарларға жұғатын (құтырма) ауруларды алдын алып және күресу бойынша санитариялық ережелерге сәйкес – барлық жеке және заңды тұлғалар, жануарлардың иелері міндетті:

  • ауылшаруашылық жануарлардың, иттер, мысықтар және т.б. ұстаудағы,қыдыртудағы, және қаңғыбас жануарларды аулаудағы ережелерді сақтаулары тиіс;
  • Өз меншігіндегі иттер, мысықтарды ветеринарлы емдеу профилактикалық мекемелеріне клиникалық тексеру үшін және аурудан қорғайтын антирабиялық екпені жасау үшін қаратулары керек;
  • ветеринарлық маманға уақытылы жануардан құтырмаға күдіктенетіні туралы хабарлау қажет;

Есте сақтаңыз! Жануарлар қауып алған жағдайда, құтырмаға қарсы профилактикалық екпе жасату үшін міндетті түрде медициналық көмекке жүгінген жөн.


2018-10-04 17:50:05

Сондай-ақ оқыңыз